16.03.2018, 22:42 3958

БҚО ТЖД Жедел-құтқару жасағыныӊ құтқарушылары болуы мүмкін су тасқынына дайындық үстінде

БҚО ТЖД Жедел-құтқару жасағыныӊ басшысы Килишев Асқар Орынбасарұлыныӊ айтуы бойынша су тасқыны кезінде пайдаланатын барлық техника мен жабдықтар тексерілген және жұмысқа дайын

Орал. 16 наурыз. Kazakhstan Today -Көктем айы келгенімен, қыс әлі кетуге асығар емес. Батыс Қазақстан облысына көктем қарлы боранымен және қысқы аязымен келді.

Оралдық құтқарушылар мұздыӊ ерігенін күтпей-ақ алдын-алу шараларынакірісіп кетті. Көктемгі су тасқыны кезеӊіне болжамдар қандай болса да жыл сайын БҚО ТЖД Жедел-құтқару жасағыныӊ қызметкерлерібұл маусымды сақадай сай қарсы алады, себебі көктемгі су тасқынына ақпан айынан бастап дайындық дайындалады.

Ақпан айы бойы құтқарушылар еріген су басуы мүмкін аймақтардағы үйлерді аралап, аулаларындағы және солардыӊ маӊайындағы қарды шығарып тұру қажеттілігі, көктемгі су тасқыны кезіндегі қауіпсіздік ережелері жайында жеке үйлердіӊ қожайындарына түсіндірме жұмыстарын жүргізді, тұрғындарға көктемгі су тасқыны кезеӊіндегі қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелері жазылған кітапшалар үлестірді.

Шаған және Деркөл өзендері аймақтарында мұз жүру кезінде мұздыӊ кептелісі болу мүмкіндігі жоғары, бұл жағдайөзендердіӊ тасуын туындатады және өзен жағасындағы елді мекендердіӊ суға батуына себепші болады. Өзендердіӊ қиыр бұрылыстары, құлаған ағаштар мен өзенарнасына көптеп өсетін бұталар мұздыӊ кептелісіне әкеліп соғады.

Өзендердегі осындай кептелістерді болдырмас үшін құтқарушылар 27 ақпаннан бастап еріген сулардыӊ қалыпты қозғалысына бөгет болатын мұз жабынын ою, жағаларды бұтақтардан тазарту жұмыстарына кірісті. Құтқарушылардыӊ айтуынша - мұзды ою экология үшін кептелістерден құтылудыӊ еӊ зиянсыз тәсілі, себебі жару жұмыстары кезінде су фаунасы (жануарлары) зардап шегеді.

Аталмыш жұмыстар 14 мұз кептелісі болуы мүмкін аймақтарда жасалуда. Бұлар қала маӊындағы Деркөл өзеніндегі 7, Шаған өзеніндегі 3, Ақжайық ауданыныӊ Чапай ауылындағы Жайық өзеніндегі 2 орын. Сонымен қатар Деркөл өзеніндегі мұзды бұрғылау жұмыстары Тасқала ауданы орталығында жәнеЗеленов ауданыныӊ Зеленое ауылындажүргізілуде.

Бүгінгі таӊда мұз бетін жұқалату бойынша жұмыстар 85 мыӊ м2 аумақта жасалды, 3400 ойық бұрғыланды. Су тасқынына қарсыжұмыстар әлі жалғасуда. БҚО ТЖД Жедел-құтқару жасағыныӊ басшысы Килишев Асқар Орынбасарұлыныӊ айтуы бойынша су тасқыны кезінде пайдаланатын барлық техника мен жабдықтар тексерілген және жұмысқа дайын. Орал құтқарушыларыныӊ арсеналында мұзкескіш құрылғы, моторлы мұз бұрғылар, қолмен әрекет ететін бұрғылар, мотопомптар, жүзу құралдары, суда құтқару жабдықтары, жоғары өтімді техникалар, зардап шекендерді жылыту және оларға алғашқы көмек көрсету орындарын дайындауға арналған шатырлар, пневмокаркасты модульдер, жылытқыштар бар, деп хабарлайды Л.Е.Абдрахманова, Батыс Қазақстан облысы ТЖД Жедел-құтқару жасағыныӊ бас құтқарушы-психологы.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны