19.06.2014, 20:08 2772

"Болашақ" бағдарламасының докторанттары жаңа пішін бойынша оқытылады

"Болашақ" халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ докторанттары жаңа пішін бойынша оқытылады. Бұл туралы бүгін ОКҚ брифингінде "Болашақ" халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ президенті Ғани Нығыметов хабарлады.

Алматы. 19 маусым. Kazakhstan today. Қазақстанда "Болашақ" халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ докторанттары жаңа пішін бойынша оқытылады. Бұл туралы бүгін ОКҚ брифингінде "Болашақ" халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ президенті Ғани Нығыметов хабарлады.

"Біз ағымдағы жылы split PhD жобасын іске қостық. Ол докторанттарды екі үлгі бойынша дайындауға мүмкіндік береді. 2- олар Қазақстанда және шетелде ғылыми зерттеу жүргізеді. Бұрын ғылымдар доктор атағын алу үшін 5-6 жыл қажет болса, қазір біз жаңа бағдарламаны қолданатын боламыз. Біз бұл бағдарламаны енгізуді Назарбаев Университетінен бастадық. Келер жылдан бастап, барлық Қазақстандық ЖОО бұл бағдарламаны енгіземіз", - деді Ғ. Нығыметов.

Оның айтуынша, қазір бағдарлама өңірлермен жұмыс істеуге баса назар аударып отыр.

"Біз "Болашақ" бағдарламасына қатысуы керек жастар шоғырланған қалаларға бардық. Бұл жұмыс жалғасын таппақ", - деді ол.

Электронды үкімет арқылы рекордтық өтініш қабылданған.

"Өңірлердегі үміткерлер Астанаға келмей - ақ egov.kz арқылы өтініш бере алады. Құжаттар тікелей бізге түседі", - деді ол.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны