15.04.2013, 09:58 3126

"Болашақ" халықаралық президенттік бағдарламасын жүзеге асыру ертең Үкімет отырысында талқыланады

"Ертең Үкімет отырысында "Болашақ" халықаралық президенттік бағдарламасын жүзеге асыруды талқылау жоспарланған", - деп хабарлады А.Ибибуллаев.

Астана. 15-сәуір. Kazakhstan Today - Ертең, 16 сәуірде Үкіметтің кезекті отырысында "Болашақ" халықаралық президенттік бағдарламасын жүзеге асыру қаралады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы баспасөз мәслихатында ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар орталығының Ресми өкілі Алтай Ибибуллаев мәлім етті.

"Ертең Үкімет отырысында "Болашақ" халықаралық президенттік бағдарламасын жүзеге асыруды талқылау жоспарланған", - деп хабарлады А.Ибибуллаев.

Аталған мәселе бойынша ҚР Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов баяндама жасайды.

Сонымен бірге, ағымдағы аптада 18 сәуірде ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов "Жұмыспен қамту - 2020" бағдарламасын жүзеге асыру мәселелері бойынша кеңес өткізеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны