20.07.2022, 16:54 8216

Босқындарға Қазақстанда үш айға дейін тұруға рұқсат берілді

ІІМ иммигранттардың ҚР-ға келу және болу ережелері туралы қаулыға түзетулер дайындады.
НҰР-СҰЛТАН. 20 ШІЛДЕ - Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі "Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің қағидаларын және Көші-қон бақылауын жүзеге асыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан заңсыз өтетін, Қазақстан Республикасының аумағында заңсыз болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына келуге тыйым салынған адамдарды есепке алу қағидаларын бекіту туралы" ҚР Үкіметінің қаулысына түзетулер жобасын дайындады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Ашық НҚА сілтеме жасап.
 
Уақытша тұруға рұқсат Көші-қон полициясының ақпараттық жүйесіне (КҚП АЖ) тиісті ақпарат енгізіліп, көшіп келушінің уақытша тұруына рұқсат беру арқылы ресімделеді, делінген құжат жобасында.
 
Пана іздеген, босқындар мәртебесін алған көшіп келушілерге, сондай-ақ олардың отбасы мүшелеріне уақытша тұруға рұқсат олардың өтінішхаты бойынша Қазақстан Республикасының босқындар туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен ұзарту мүмкіндігімен үш айға ресімделеді.
 
Ұсынылған түзетулерге сәйкес, Қазақстан Республикасының аумағында адам саудасының құрбаны ретінде анықталған және сәйкестендірілген көшіп келушілерге уақытша тұруға рұқсат жергілікті атқарушы органның өтінішхаты бойынша ұзарту мүмкіндігімен алты айға, бірақ үш айдан аспайтын мерзімге ресімделеді.
 
Қазақстан Республикасының аумағында адам саудасының құрбаны ретінде анықталған және сәйкестендірілген көшіп келушілер Қазақстан Республикасының арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсыну саласындағы қолданыстағы заңнамасына сәйкес арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтердің кепілдік берілген көлемін ұсыну процесі аяқталғанға дейін Қазақстан Республикасының шегінен тыс өздерінің шыққан мемлекетіне (шетелдік азаматтығын алған елге) шығарып жіберілуге жатпайды, оның барысында құқық қорғау органдарына жүгіну және олармен ынтымақтастық жасау туралы шешім қабылдайды.
 
Құжаттың толық мәтінімен мына жерде танысуға болады.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны