12.06.2013, 11:35 2722

Бүгін Ақордада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Марат Тәжиннің төрағалығымен Ғылым және техника саласындағы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның отырысы өтті

Отырыста 2013 жылғы Ғылым мен техника саласындағы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығын алу үшін ұсынылған жұмыстар бойынша Комиссия жанындағы секция ұсынымдары мен мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама қорытындысы қаралды.

Астана. 12-маусым. Kazakhstan Today - Бүгін Ақордада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Марат Тәжиннің төрағалығымен Ғылым және техника саласындағы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның отырысы өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Отырыста 2013 жылғы Ғылым мен техника саласындағы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығын алу үшін ұсынылған жұмыстар бойынша Комиссия жанындағы секция ұсынымдары мен мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама қорытындысы қаралды.

Жиналғандарды секцияның ұсынымдары мен мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама қорытындысы туралы Комиссия хатшысы - Білім және ғылым вице-министрі М.Орынханов хабардар етті.

Мынадай бағыттар бойынша секция төрағалары ұсынымдармен таныстырды: медициналық, биологиялық және ауыл шаруашылығы ғылымдары, қоғамдық-гуманитарлық ғылымдар, техникалық және географиялық ғылымдар, сондай-ақ, физика-математика ғылымдары.

2013 жылғы Ғылым және техника саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығын алу үшін барлығы 19 жұмыс келіп түсті.

Комиссия сыйлықты алуға ұсынылған жұмыстардың алдын ала іріктеуден өткен тізімін бекіту туралы шешім қабылдады. Ол кеңінен қоғамдық талқылау үшін "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінің таяудағы нөмірлерінде жарияланады.

Секция жетекшілеріне екінші кезеңде Комиссия отырысында айтылған ұсыныстарды, сондай-ақ, бұқаралық ақпарат құралдарындағы талқылауларды ескере отырып, алдын ала іріктеуден өткен жұмыстарды қарастыру және одан әрі қарау үшін 2013 жылғы 10 тамызда қосымша материалдарды ұсыну тапсырылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны