10.04.2013, 13:11 3033

Бүгін Ақордада ҚР Мемлекеттік хатшысы Марат Тәжин Еуропалық Одақтың ҚР өкілдігінің басшысы, Елші Аурелия Бушезді қабылдады

Кездесу барысында екіжақты және көпжақты ынтымақтастық мәселелері, бірқатар басым тақырыптар талқыланды. Олардың қатарында саяси диалогты нығайту тетіктерін қоса алғанда, сыртқы қауіпсіздік саласындағы өзара іс-қимыл перспективасы, сондай-ақ, сауда-экономикалық қатынастарды дамыту жайы сөз болды.

Астана. 10-сәуір. Kazakhstan Today - Бүгін Ақордада ҚР Мемлекеттік хатшысы Марат Тәжин Еуропалық Одақтың ҚР өкілдігінің басшысы, Елші Аурелия Бушезді қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Кездесу барысында екіжақты және көпжақты ынтымақтастық мәселелері, бірқатар басым тақырыптар талқыланды. Олардың қатарында саяси диалогты нығайту тетіктерін қоса алғанда, сыртқы қауіпсіздік саласындағы өзара іс-қимыл перспективасы, сондай-ақ, сауда-экономикалық қатынастарды дамыту жайы сөз болды.

Еуропалық Одақтың Қазақстан Республикасының негізгі сауда-экономикалық серіктесі болып табылатыны, сыртқы сауда айналымындағы үлесі 50 миллиард доллардан асатыны және Қазақстан экономикасында жинақталған шетел капиталының үштен бірін иеленетіні атап өтілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны