29.05.2014, 21:04 2870

Бүгін Астанада Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы өтті

Бүгін "Жоғары Еуразиялық Экономикалық Кеңес" отырысында үш елдің мемлекет басшысы - Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, Ресей Президенті Владимир Путин және Беларусь Президенті Александр Лукашенконың қатысуымен Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы Келісімге қол қойылды. Тұтастай алғанда құжат 4 бөлім, 28 тарау, 118 бап және 32 қосымшадан тұрады (барлығы 700 бетке жуық).

Алматы. 29 мамыр. Kazakhstan today. Бүгін Астанада Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, Ресей Президенті Владимир Путин және Беларусь Президенті Александр Лукашенконың деңгейінде Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы өтті.

Бүгін "Жоғары Еуразиялық Экономикалық Кеңес" отырысында үш елдің мемлекет басшысы - Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, Ресей Президенті Владимир Путин және Беларусь Президенті Александр Лукашенконың қатысуымен Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы Келісімге қол қойылды.

Тұтастай алғанда құжат 4 бөлім, 28 тарау, 118 бап және 32 қосымшадан тұрады (барлығы 700 бетке жуық).

"Біз жиырма жыл бойы экономикалық интеграция бағытында ілгеріледік. Осы уақытқа дейін орасан жұмыс атқарылды. Енді сол жұмысымыздың бекер болмағанын, қол қойылған шарттың халық игілігіне арналғанын іс жүзінде дәлелдеуге тиіспіз", - деді Н. Назарбаев.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны