28.05.2015, 10:20 3337

Бүгін Қазақстан Республикасыныӊ Мемлекеттік хатшысы Г.Н. Ибдіқалықованыӊ төрағалық етуімен Қазақстан Республикасы Президентініӊ жанындағы Ийелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияныӊ кезекті отырысы өтті.

Астана. 28 Мамыр. Kazakhstan Today - Отырыста Мемлекет басшысыныӊ тапсырмасы бойынша әзірленіп, Үкімет қабылдаған Қазақстан Республикасында отбасылық қатынастарды, моральдық-этикалық және рухани-адамгершілік құндылықтарды нығайтудыӊ 2015 - 2020 жылдарға арналған жалпыұлттық іс-шаралар жоспарыныӊ орындалу барысы қаралды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Министрліктердіӊ басшылары сөз сөйлеп, қолданыстағы заӊнамаға талдау жүргізілгенін және оныӊ қорытындысы бойынша заӊнамада мүмкіндіктері шектеулі адамдарды қорғау тетіктері, сондай-ақ олардыӊ жұмыспен қамтылу, құқығы кедергісіз болу ортада көзделген деп сеніммен айтуға болатынын атап өтті.

Бала асырап алу және патронаттық тәрбиені жетілдіру бойынша нысаналы жұмыс жүргізіліп келеді. Жүргізілген жұмыстар ағымдағы жылдыӊ 1-ші тоқсанында балалар үйіндегі 219 баланы өз отбасыларына қайтаруға, сондай-ақ 215 баланы патронаттық тәрбиеге беруге және өзгелердіӊ асырап алуына мүмкіндік берді.

Илеуметтік проблемалар картасы әзірленді, оған сәйкес әлеуметтік негізгі көрсеткіштер: ана мен бала өлімі, АИТВ жұқтырған науқастар саны, мүгедек азаматтар және т.б. бойынша өӊірлердіӊ жұмысын мониторингтеуге болады.

Мемлекеттік хатшы, Қазақстан Республикасы Президентініӊ жанындағы Ийелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияныӊ Төрайымы Г.Н.Ибдіқалықова Қазақстан мыӊжылдықтыӊ бесінші мақсатына қол жеткізіп, аналар өлімініӊ деӊгейін үш есе төмендеткенін атап өтті, 1999 жылы тірі туған 1000 балаға шаққанда 55 ана өлімінен келсе, 2013 жылы бұл көрсеткіш 12,6-ға дейін азайған. Дүниежүзілік экономикалық форумныӊ 2014 жылғы есебіне сәйкес 57 елден тұратын топта елде АИТВ инфекциясыныӊ таралуы бойынша Қазақстан төмен көрсеткішпен - 0,2 % бірінші орынды иеленді.

Гүлшара Ибдіқалықова отбасылық және адамгершілік құндылықтарды дәріптеу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту қажеттігін атап өтті.

Сондай-ақ, отырыста Шығыс Қазақстан облысы әкімдігініӊ мүмкіндігі шектеулі әйелдердіӊ репродуктивті денсаулығын сақтау жөніндегі жұмысы туралы мәселе де қаралды. Мемлекеттік хатшы Мүгедектердіӊ құқықтары туралы конвенцияны Қазақстан Республикасыныӊ жақында ғана ратификациялағанына байланысты әртүрлі топтағы мүгедек әйелдердіӊ репродуктивті денсаулығына қатысты медициналық қызметтер мен ақпарат алу үшін жаппай теӊ мүмкіндіктерді қамтамасыз ету қажет екенін атап өтті.

Бұдан басқа, отырысқа қатысушылар БҰҰ Балалар қорыныӊ (ЮНИСЕФ) Қазақстандағы өкілі Юрий Оксамитныйдыӊ "Балаға мейірімді қала" жобасыныӊ іске асырылу барысы туралы баяндамасын тыӊдады. Бұл жоба Қазақстанныӊ 17 қаласында 4 ауданында іске асырылады. Балаларға қолайлы жағдай жасау жөніндегі қазақстандық оӊ тәжірибе Данияда, Ресейде, Непалда өткен халықаралық конференцияларда атап өтілді.

Талқылау қорытындылары бойынша Ұлттық комиссия орталық және жергілікті мемлекеттік басқару органдарына тиісті ұсынымдар дайындады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны