30.06.2016, 17:37 7847

Бүгін ҚР Қорғаныс министрлігі алқа мәжілісініӊ отырысы өтті

Бүгін селектор форматында қорғаныс ведомствосыныӊ басшысы Иманғали Тасмағамбетовтіӊ төрағалығымен алқа мәжілісініӊ отырысы өтті. Бұл бағынысты әскерлерді басқару және орындарда ахуалды бақылау бойынша командирлер мен қолбасшылардыӊ қол үзіп қалмауын барынша азайту қажеттілігімен негізделген

Астана. 30 маусым. Kazakhstan Today - Бүгін селектор форматында қорғаныс ведомствосыныӊ басшысы Иманғали Тасмағамбетовтіӊ төрағалығымен алқа мәжілісініӊ отырысы өтті. Бұл бағынысты әскерлерді басқару және орындарда ахуалды бақылау бойынша командирлер мен қолбасшылардыӊ қол үзіп қалмауын барынша азайту қажеттілігімен негізделген, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Күн тәртібінде әскерлердіӊ мүддесін тікелей қозғайтын үш маӊызды мәселе қаралды. Бірінші мәселе диверсияға қарсы қауіпсіздік пен әскери объектілерді қорғау жөніндегі ахуалды көрсетті. Келесі әскерлерді инспекциялау және тексеру мәселелерін жетілдіру қарастырылды. Себебі, бұл тақырыптыӊ өзектілігі өткізілетін тексерістердіӊ нәтижелерімен туындады. Соӊында Искери-әуе күштеріндегі істіӊ жай-күйіне ерекше назар аударылды, деп хабарлады Қорғаныс министрлігініӊ баспасөз қызметі.

Искери техника дамыған сайын жауынгерлердіӊ алдында тұрған тапсырмалар да күрделене түседі. Олардыӊ көлемі ұлғаяды, жұмыстарыныӊ сипаты өзгереді, моральдық, моральдық-психологиялық және физикалық жүктемелері артады. Ал бұл жеке құрамныӊ сана-сезімініӊ өсуін қажет етеді. Осылайша, бөлімніӊ жауынгерлік әзірлігі әрбір әскери қызметшініӊ жауынгерлік әзірлігінен қалыптасады.

"Искери тәртіп әскерлердіӊ жауынгерлік әзірлігін қамтамасыз етудіӊ маӊызды шарттарыныӊ бірі болып табылады. Сондай-ақ, ол әскери бөлімде әскери қызмет өткеру қауіпсіздігін, қажетті материалдық тұрмыстық жағдайды қамтамасыз ететін жағдай жасаумен қол жеткізіледі. Бұл тармақ бойынша әртүрлі деӊгейдегі командирлер толық жұмыс атқармайды. Нәтижесінде біз сарбаздардан айырылып отырмыз және бұл туралы барлықтарыӊыз жақсы білесіздер", - деп қорғаныс ведомствосыныӊ басшысы Иманғали Тасмағамбетов атап өтті және олардыӊ мүлтіксіз сақталуына қол жеткізуге тапсырма берді.

Алқа мәжілісініӊ отырысына Қорғаныс министрлігі башсылығыныӊ өкілдері, департаменттер мен басқармалардыӊ басшылары, әскер түрлерініӊ бас қолбасшылары, әскер тектері, өӊірлік қолбасшылық әскерлерініӊ қолбасшылары, қорғаныс істері жөніндегі департаменттерініӊ бастықтары, сержанттар құрамы қатысты.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны