13.06.2013, 10:24 2958

Бүгін ҚР Парламент Сенатының пленарлық отырысы өтеді

Бүгін ҚР Парламент Сенатының пленарлық отырысы өтеді

Астана. 13-маусым. Kazakhstan Today - Бүгін Сенаттың кезекті отырысында бірқатар мәселелер қаралады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР Парламенті жоғарғы палатасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, сенаттың кезекті отырысында келесі мәселелер қарастырылады.

1. Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі мақұлдаған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы жөнінде (бірінші оқылым).

2. Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі мақұлдаған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы жөнінде (бірінші оқылым).

3. Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі мақұлдаған "Қазақстан Республикасы мен Чех Республикасы арасындағы Инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы мен Чех Республикасы арасындағы хаттаманы ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы жөнінде.

4. Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі мақұлдаған "1992 жылғы 25 мамырдағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы жөнінде.

5. Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі мақұлдаған "2007 жылғы 18 тамыздағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан - Қытай газ құбырын салу мен пайдаланудағы ынтымақтастық туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы жөнінде.

6. Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі мақұлдаған "Мемлекет кепілдік берген заң көмегі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы жөнінде.

7. Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі мақұлдаған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы жөнінде (бірінші оқылым).

8. Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі мақұлдаған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оларды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жоспарлау жүйесімен сәйкестендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы жөнінде (бірінші оқылым).

9. Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі мақұлдаған "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын үйге құқықтарын қамтамасыз ету мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы жөнінде (бірінші оқылым).

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны