03.07.2013, 11:53 2702

Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев "Астана Опера" мемлекеттік опера және балет театрында болып, "Ұйқыдағы ару" балетінің премьерасын тамашалады

Қойылымның хореграфисі - ресейлік балетмейстер Юрий Григорович. Балеттің қоюшы суретшісі, әлемге танымал сценограф Эцио Фриджерио мен костюмдер бойынша суретші - "Оскар" сыйлығының иегері Франка Скуарчапино Италиядан арнайы шақырылған.

Астана. 3-шілде. Kazakhstan Today - Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев "Астана Опера" мемлекеттік опера және балет театрында болып, "Ұйқыдағы ару" балетінің премьерасын тамашалады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қойылымның хореграфисі - ресейлік балетмейстер Юрий Григорович. Балеттің қоюшы суретшісі, әлемге танымал сценограф Эцио Фриджерио мен костюмдер бойынша суретші - "Оскар" сыйлығының иегері Франка Скуарчапино Италиядан арнайы шақырылған.

Бүгінгі күні Ю.Григоровичтің жаңа хореграфиялық редакциясындағы "Ұйқыдағы ару" қойылымы әлемнің бес театрында, соның ішінде "Астана Операда" өтуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны