15.11.2012, 14:39 3909

Бүгінде қазақстандықтардың орташа өмір сүру ұзақтығы 70 жылға жақындаған

Кездесу барысында И.Смайылов Агенттік қызметінің нәтижелері мен статистикалық әдістемені жетілдіру, ақпараттық жүйені әзірлеу мен дамыту және статистикалық мәліметтерді пайдалануды қамтамасыз етуді жақсарту жөніндегі алдағы жұмыстардың келешегі туралы баяндады.

Астана. 15-қараша. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің төрағасы Илихан Смайыловты қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Кездесу барысында И.Смайылов Агенттік қызметінің нәтижелері мен статистикалық әдістемені жетілдіру, ақпараттық жүйені әзірлеу мен дамыту және статистикалық мәліметтерді пайдалануды қамтамасыз етуді жақсарту жөніндегі алдағы жұмыстардың келешегі туралы баяндады.

Сонымен қатар, Агенттік төрағасы статистикалық ақпартты жинау мен өңдеуде автоматтандыру үдерісіне бағытталған, "е-Статистика" интеграцияланған ақпараттық жүйесінің қағидаттары мен БҰҰ-ның ұсынымдарына негізделген, ресми статистиканың нормалары мен стандарттары бекітілген "Мемлекеттік статистика туралы" жаңа Заңның қабылдануы туралы хабардар етті.

"Бүгінде статистикалық мәліметтерге сәйкес, қазақстандықтардың орташа өмір сүру ұзақтығы 70 жылға жақындап, 69,6 жасқа жетті, соның ішінде әйелдердің өмір сүру ұзақтығы 74 жастан асты. Осының бәрі - ел азаматтарының өмір сүру сапасын арттыру жөніндегі тиімді мемлекеттік саясаттың нәтижесі және денсаулық сақтау саласының қарқынды дамуының көрсеткіші", - деп атап өтті Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан Президенті халықаралық әдістер мен тәжірибеге сәйкес қажетті, дер кезіндегі және сенімді мәліметтерді пайдалануды қамтамасыз ету мақсатында еліміздің ұлттық статистикалық жүйесінің тиімділігі мен нәтижелілігін арттыруға назар аударды.

Мемлекет басшысы кездесудің қорытындысы бойынша Агенттіктің ақпараттық жүйесін өзге мемлекеттік органдардың жүйесімен интеграциялау, сондай-ақ статистикалық қызметке халықаралық стандарттарды енгізу жөнінде нақты тапсырмалар берді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны