08.10.2018, 12:30 4087

Бүгінгі күні республикамызда 422 өрт сөндіру бөлімшелері және 2695 түрлі функционалдық мақсаттағы өрт техникасы бірліктері бар

ҚР Парламент Мәжілісініӊ депутаттары Ақмола облысыныӊ Целиноград ауданындағы өрт сөндіру бөлімшелерініӊ жұмысымен танысты.

Астана. 8 қазан. Kazakhstan Today - ҚР Парламент Мәжілісініӊ депутаттары Ақмола облысыныӊ Целиноград ауданындағы өрт сөндіру бөлімшелерініӊ жұмысымен танысты.

2018 жылдыӊ 5 қазанында Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісі депутаттарыныӊ Ақмола облысы Целиноград ауданында жұмыс сапары өтті. Іс-шарада ҚР Парламенті Мәжілісі Заӊнама және сот-құқықтық реформа комитетіне мүше депутаттар В.И.Олейник, А.А.Смағұлов, М.М.Магерамов қатысты.

Жұмыс сапары барысында Ақмола облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметініӊ Ақмол ауылыныӊ № 22 өрт сөндіру бөлімініӊ, Жайнақ ауылыныӊ "Агрофирма Актық" ЖШС-ніӊ ерікті өрт сөндіру құралымдарын байқап тексеру болды, сонымен қатар "Астана халықаралық әуежай" АҚ-ныӊ мемлекеттік емес өртке қарсы қызметініӊ объектісіне барып шықты.

Осы іс-шараны өткізу мақсаты мемлекеттік өртке қарсы қызмет өрт сөндіру бөлімшелерініӊ, сондай-ақ ауылды жерлерде өрт сөндіруге тартылатын ерікті өрт сөндіру құралымдарыныӊ жағдайымен және жұмысымен танысу болып табылады.

Бүгінгі күні республикамызда 422 өрт сөндіру бөлімшелері және 2695 түрлі функционалдық мақсаттағы өрт техникасы бірліктері бар. Мемлекеттік өрт сөндіру мекемелері жеке құрамыныӊ саны 17 729 адам.

Жыл сайын елімізде өрт сөндіру бөлімшелері өртке және жануға 45 мыӊнан астам шығу жасайды. Тек 2017 жылы өртті жою және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу кезінде өрт сөндірушілер 4 мыӊ адам құтқарып және 20 мыӊнан астам адам эвакуацияландырды.

2018 жылдыӊ 9 ай ішінде өртті жою және авариялық-құтқару қызметі 2 806адам құтқарып, 15 159эвакуацияландырды, өрттерге және авариялық-құтқару жұмыстарына, өртену уақиғаларынадабылбойынша39 523 шығу жасалды.

2014 жылы "Азаматтық қорғау туралы" Заӊныӊ қабылдануымен шалғай ауылдық округтерде өрттерге және жануға ден қою жүйесін дамыту үшін әкімдіктердіӊ құзыретіне мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері жоқ елді мекендерде еӊ аз техникалық ресурстармен өрт сөндіру бекеттерін құру бойынша тікелей норма бекітілді.

Республикамызда өрт сөндіру бекеттері саны 202, жалпы саны 600 мыӊ адамнан астам 648 елді мекенді жабумен қамтылған. Қару-жарақта 209 әртүрлібірлік өрт және бейімделген техника бар.

Мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелерін тартпай еріктілердіӊ күшімен ауылдағы өрттер мен жануларды сөндіру деӊгейініӊ тұрақты оӊ динамикасын атап өткен жөн. 2015 жылдан бастап 2017 жылға дейін ЕӨҚ дербес 3 877 өрт пен жанулар жойылды.

Жалпы, қазіргі уақытта ауылда 4814 ерікті өртке қарсы құралымдар құрылды, олардыӊ қару-жарағында 8 мыӊнан астам өрт сөндіру автокөліктері, бейімделген техника мен өрт сөндіру мотопомпалары бар. Құрамалардыӊ жеке құрамы 50 мыӊ адам.

ҚР ІІМ ТЖ комитетініӊ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны