20.02.2015, 11:23 3873

Букингем сарайында Қазақстан Республикасыныӊ Ұлыбританиядағы Елшісі Ержан Қазыханов Патшайым Елизавета ІІ сенім грамотасын тапсырды

Рәсім кезінде Елші Е. Қазыханов Ұлы Мәртебеліге Қазақстан Республикасы Президенті Н.И. Назарбаевтыӊ сәлемін жеткізді

Астана. 20 ақпан. Kazakhstan Today - Рәсім кезінде Елші Е. Қазыханов Ұлы Мәртебеліге Қазақстан Республикасы Президенті Н.И. Назарбаевтыӊ сәлемін жеткізді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Сұхбат барысында Қазақстан елшісі екіжақты саяси, экономикалық, білім беру және мәдени қарым-қатынастардыӊ дамуыныӊ жоғары қарқынын атап өтті. Бұған көбінесе Қазақстан Республикасы мен Ұлыбритания арасында жоғары деӊгейде қол жеткізілген стратегиялық серіктестік жөніндегі уағдаластықтар септігін тигізуде, деп хабарлайды www.mfa.kz тілшісі.

Өз кезегінде, Патшайым Елизавета ІІ екі ел арасындағы байланыстарды нығайтудыӊ және кеӊейтудіӊ мағыздылығына тоқталды. Ол Президент Н.И. Назарбаевтыӊ басшылығымен Қазақстанныӊ жүйелі дамып келе жатқанын атап өтті.

Патшайым Е. Қазыхановты жауапты миссиясымен құттықтап, оған жаӊа қызметте сәттілік тіледі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны