22.05.2018, 11:43 6901

Бурабай ұлттық паркіне арналған "A day in Burabay" бірегей фотоальбомы жарық көрді

Биыл Бурабайда трансшекаралық ынтымақтастық, IT және нано-технологияларды дамыту бойынша BURABAY FORUM II Халықаралық Жас ғалымдар форумы өтеді. Бірінші форум 2017 жылы өтті.

Астана. 22 мамыр Kazakhstan Today - ҚР Тұӊғыш Президенті - Елбасыныӊ қоры Бурабай ұлттық паркіне арналған "A day in Burabay" бірегей фотоальбомын шығарды.

Аталған фотоальбомныӊ бірінші данасын сыйлыққа Ақмола облысы әкімініӊ орынбасары Қанат Ыдырысов алды.

ҚР Тұӊғыш Президенті - Елбасы қорыныӊ атқарушы директорыныӊ кеӊесшісі Илия Қайшарова: "Біз бұл фотоальбомды Бурабайдыӊ бірегей табиғи ерекшелігін әлемге көрсету үшін шығаруды ұйғардық. Мемлекет басшысы осы өӊірде болған кезде оныӊ сұлулығына әрдайым таӊ қалады. Бурабай өӊірі Абылай ханмен байланысты ұлы тарихқа ие. Осы өӊірге байланысты көптеген әсем аӊыздар да бар. Жаӊа фотоальбомныӊ арқасында қазақстандықтардыӊ және шетелдік туристердіӊ назарын Қазақстанныӊ інжу-маржанына аудара аламыз деген сенімдеміз".

"Сондай-ақ Астананыӊ 20 жылдығына арналған "A day in Astana" фотоальбомымызбен өз қуанышымызды бөліскіміз келеді. Осы фотоальбомныӊ негізінде біз "Астана - Ұлы даланыӊ жауҺары" фотоальбомын дайындадық. Көрме Мәскеуде, Санкт-Петербургте, Мадридте, Алматы мен Астана қалаларында өтті. Таяу күндері көрмені Тараз қаласыныӊ тұрғындары да көре алады".

Біздіӊ фотокөрмеміз Мадридте БҰҰ жанындағы Дүниежүзілік Туристік ұйымныӊ ғимаратында өткен кезде аталған ұйымныӊ қызметкерлеріне фотокартиналардыӊ ұнағаны соншама, олар елордаға міндетті түрде келуді жоспарлады. Биылғы жазда олар Испания астанасынан өз мотоциклдарымен шығып 20 күн жолда болып, Астанаға келмек. Болашақта Қазақстанға сапарлары туралы кітап шығармақ".

ҚРТұӊғыш Президенті - Елбасыныӊ қоры және Ақмола облысыныӊ әкімдігі арасында 2017 жылдыӊ 26 мамырында қол қойылған өзара қарым-қатынас туралы Меморандум аясында бүгінгі таӊда мәдени және әлеуметтік салаларда белсенді жұмыс атқарылып келеді.

Ақмола облысындағы балалар "Көшбасшы жолы", сондай-ақ алғашқы балалар паралимпиадасы сияқты Қор жобаларынақатысуда. Ардагерлерге қолдау көрсетуге бағытталған әлеуметтік шаралар жыл сайын Қазақстанныӊ әртүрлі өӊірлерінде, соныӊ ішінде Ақмола облысында өткізіліп отырады.

Биыл Бурабайда трансшекаралық ынтымақтастық, IT және нано-технологияларды дамыту бойынша BURABAY FORUM II Халықаралық Жас ғалымдар форумы өтеді. Бірінші форум 2017 жылы өтті. Іс-шараны ҚР Тұӊғыш Президент Қоры ұйымдастырды.

Форумныӊ негізгі мақсаты отандық және ресейлік жас ғалымдардыӊ ғылыми-теориялық және практикалық байланыстарын нығайту, трансшекаралық білім беру саласындағы ынтымақтастық, ғылым, экономика, бизнес серіктестікті кеӊейту және туристік кластердіӊ бәсекеге қабілеттілігін дамыту болып табылады. Былтырғы форумныӊ маӊызды нәтижесі шекаралас мемлекеттердіӊ мемлекеттік органдарына экономикалық, саяси және әлеуметтік мәселелерді шешуге көмектесетін бірлескен Қазақстан-Ресей сараптамалық кеӊесініӊ құрылуы болды.

"Рухани жаӊғыру" бағдарламасыныӊ аясында ҚР Тұӊғыш Президент Қоры Қазақстанныӊ қасиетті жерлері туралы әӊгімелейтін "Qazaq quest" Интернет-хабарламасы; Астана мен Бурабайға арналған фотоальбомдар; "Астана - Ұлы даланыӊ жауҺары" сияқты жобаларды іске асырды.

Таяуда әлеуметтік желілерде қордыӊ "Qonaqjai Elim" Интернет -жобасыныӊ бірінші эпизоды шықты, онда Қазақстанныӊ көпұлтты халқы туралы баяндалады. Жоба барша қауымды Қазақстанда бейбіт өмір сүріп жатқан әртүрлі ұлттардыӊ дәстүрі мен әдет-ғұрпы, тағамы мен тұрмысымен таныстырады.

Сондай-ақ еліміздіӊ вундеркинд - балалары және қазақстандық қаҺармандары туралы "Wunder Qazaqstan" және "Qaharman Qazaq" Интернет-жобалары әзірленуде.

ҚР Тұӊғыш Президенті - Елбасы қорыныӊ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны