14.11.2007, 17:11 2685

БҰҰ Қазақстанды босқындарды қорғау жөнінде мейлінше ықпалды әрекеттерге баруға шақырды

БҰҰ Қазақстанды босқындарды қорғау жөнінде мейлінше ықпалды әрекеттерге баруға шақырды

Астана. 14 қараша. "Қазақстан Бүгін" - БҰҰ-ның босқындар істері жөніндегі бас комиссары Антонио Гутеррес Қазақстанды босқындарды қорғау жөнінде мейлінше ықпалды әрекеттерге баруға шақырды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Бұл туралы БҰҰ-ның босқындар істері жөніндегі бас комиссары Антонио Гутеррес бүгін президент Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесуден кейін өткен брифингте мәлімдеді.

"Мен Қазақстан басшылығын босқындарға баспана беру жүйесі тұрғысынан мемлекет аясында мейлінше ықпалды әрі тиімді шаралар қолдануға, сондай-ақ, Қазақстанның халықаралық деңгейде көші-қон процестерін айқындауға бағытталған күш-жігерін арттыру мен бұл құбылысқа белсене араласуға шақырдым", - деді А. Гутеррес Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесуден кейін өткен брифингте.

Ол сондай-ақ, өзінің Қазақстанға сапарының басты мақсаты "Қазақстан үкіметі мен БҰҰ-ның босқындар істері жөніндегі бас комиссары басқармасы арасындағы әріптестікті күшейту екенін атап өтті".

"Қазіргі әлемде босқындар үшін ең басты проблема - төзімсіздік, соның ішінде ұлтаралық төзімсіздік болып табылады", - деді ол. "Сол себепті біздің Қазақстанмен ынтымақтастығымыздың маңызы зор, ал Қазақстан біз үшін толеранттылықтың символы болып табылады", - деді А. Гутеррес.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, А.Гутеррестің елімізге сапары аясында Қазақстан үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымының босқындар ісі жөніндегі бас комиссарының басқармасы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны