07.11.2024, 16:02 31541

"БЖЗҚ" АҚ "Ұлттық қор - балаларға" бағдарламасының қатысушыларына шамамен 3,4 млн АҚШ долларын аударды

"БЖЗҚ" АҚ "Ұлттық қор - балаларға" бағдарламасының қатысушыларына шамамен 3,4 млн АҚШ долларын аударды
01.11.2024 жылға БЖЗҚ жалпы сомасы 3 364 944,63 АҚШ долларына 33 546 өтінішті орындады (өтініш берушілердің банктік шоттарына аудару үшін уәкілетті операторларға аударылды). Оның ішінде тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатында 1 804 601,05 АҚШ долларына 17 991 өтініш, білім алу ақысын төлеу үшін 1 560 343,58 АҚШ долларына 15 555 өтініш орындалды, деп хабарлайды "БЖЗҚ" АҚ баспасөз қызметінен.

Қаражатты тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін пайдалануды қалағандардың ішінде есепті кезеңде Шымкент қаласының (235 151,13 АҚШ долларына 2 341 өтініш орындалды), Қызылорда облысының (182 718,21 АҚШ долларына 1 818 өтініш орындалды) және үшінші орында Жетісу облысының (119 787,47 АҚШ долларына 1 194 өтініш орындалды) тұрғындары асқан белсенділік танытты.

Бұл ретте қаражатты пайдаланудың ең танымал қосалқы мақсаттары мыналар болды:

- одан әрі жинақтау үшін тұрғын үй құрылыс жинақ салымындағы ақшасын толықтыру (1 749 288,80 АҚШ долларына 17 439 өтініш орындалды - барлық орындалған өтініштердің 96,93%),

- азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша меншікке тұрғын үй сатып алу үшін (түпкілікті есеп айырысу) - 18 441,78 АҚШ долларына (1,02%) 184 өтініш,

- тұрғын үй сатып алуға ипотекалық тұрғын үй қарызын алу үшін бастапқы жарнаны енгізу үшін - 15 263,91 АҚШ долларына (0,84%) 152 өтініш.

Қаражатты білім алу ақысын төлеу үшін пайдаланған ең белсенді қазақстандықтар тағы да Шымкент қаласының тұрғындары (223 606,29 АҚШ долларына 2 228 өтініш орындалды), екінші орында - Жетісу облысының тұрғындары (150 181,82 АҚШ долларына 1 498 өтініш орындалды), үшінші орында - Алматы қаласының тұрғындары (134 859,72 АҚШ долларына 1 344 өтініш орындалды).

Осы бағыттағы ең танымал қосалқы мақсаттардың ішінде мыналарды атап өтуге болады:

- Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан білім беру ұйымдарының білім беру қызметтеріне үлестермен (әрбір академиялық кезең немесе оқу жылы үшін) немесе толық көлемде бір мезгілде (бүкіл оқу мерзімі үшін) ақы төлеу үшін - 1 276 628,93 АҚШ долларына 12 728 өтініш орындалды (орындалған өтініштердің 81,83%).

- білім беру жинақтау салымы туралы шарт бойынша білім беру жинақтау салымын толықтыру үшін - 210 399,44 АҚШ долларына (13,47%) 2 096 өтініш орындалды,

- шетелдік білім беру ұйымдарының білім беру қызметтеріне үлестермен (әрбір академиялық кезең немесе оқу жылы үшін) немесе толық көлемде бір рет (бүкіл оқу мерзімі үшін) ақы төлеу үшін - 63 411,90 АҚШ долларына (4,06%) 632 өтініш орындалды.

Нысаналы жинақтарды алушы өзіне тиесілі барлық соманы да, оның бір бөлігін де пайдалануға құқылы. Бұл ретте пайдаланылмаған соманың қалдығы нысаналы жинақтау шотында (НЖШ) қалады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны