09.04.2015, 17:32 3654

California Film Awards мүсіншесі Қазақстанныӊ Испаниядағы Елшілігіне табыс етілді

2015 жылы 7 сәуірде Қазақстанныӊ Испаниядағы Елшілігі "Қарағандыда жоғалғандар" атты қазақстан-испандық фильміне қатысушылар мен испандық жетекші БАҚ өкілдеріне брифинг ұйымдастырды

Астана. 9 сәуір. Kazakhstan Today - 2015 жылы 7 сәуірде Қазақстанныӊ Испаниядағы Елшілігі "Қарағандыда жоғалғандар" атты қазақстан-испандық фильміне қатысушылар мен испандық жетекші БАҚ өкілдеріне брифинг ұйымдастырды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Брифинг шеӊберінде "Nexos" Қауымдастығы Президенті Энрике Гаспар ҚР Елшісі Бақыт Дүйсенбаевқа California Film Awards мүсіншесін табыс етті, деп хабарлайды www.mfa.kz тілшісі.

ҚР Елшісі сөйлеген сөзінде "Қарағандыда жоғалғандар" қазақстан-испандық фильмніӊ түсірілуіне және жарық көруіне ат салысқан барлық қатысушыларға және осы тақырыпқа назар аударған БАҚ өкілдеріне алғыс айтты.

"Біздіӊ бірлескен еӊбегіміз назардан тыс қалған жоқ, біздіӊ "Қарағандыда ұмытылғандар" фильмі 2014 жылдыӊ еӊ үздік деректі фильмі номинациясында жеӊіп, California Film Awards гауһар марапатына ие болды, сондай-ақ Джакартадағы (Индонезия) кинофестивальде еӊ үздік еуропалық деректі фильм атанды",-деп атап өтті Б. Дүйсенбаев.

Өз кезегінде, "Nexos" Қауымдастығы Президенті Энрике Гаспар фильмніӊ жарық көруіне жан-жақты көмек көрсеткені үшін Қазақстан Үкіметіне, атап айтқанда, СІМ мен Елшілікке алғысын білдірді.

Брифинг барысында ақпараттық-имидждік материалдар таратылып, Қазақстан туралы тақырыптық фотокөрме ұйымдастырылды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны