17.04.2015, 20:53 3859

"Дала қыраны - 2015" халықаралық бітімгерлік оқу-жаттығуыныӊ бірінші кезеӊі аяқталды

Аталған көріністебандалар құрамасы бейбіт тұрғындары кепілдікке алды, ал бейбітшілдерге жүктелген тапсырма азаматтарды құтқару, қауіпті аймақтан шығару, сондай-ақ жауынгерлерді басып алу мен жою операцияларын жүргізу еді.

Астана. 17 сәуір. Kazakhstan Today - Бүгін Алматы облысындағы "Іле" оқу-жаттығу орталығында "Дала қыраны - 2015" халықаралық тактикалық арнайы бітімгерлік оқу-жаттығуыныӊ бірінші кезеӊін қорытындылады.Оқу-жаттығу кезінде Қазақстанныӊ, АҚШ, Ұлыбританияныӊ және Солтүстік Ирландия әскери қызметшілерінен құралған қатысушылар заӊсыз әскери құрамаларды анықтау бойынша бітімгерлік операцияларын жүргізу және жерлерді қоршауға алу көрінісін іс жүзінде пысықтады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Аталған көріністебандалар құрамасы бейбіт тұрғындары кепілдікке алды, ал бейбітшілдерге жүктелген тапсырма азаматтарды құтқару, қауіпті аймақтан шығару, сондай-ақ жауынгерлерді басып алу мен жою операцияларын жүргізу еді. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Осы оқу-жаттығу кезінде Аэроұтқыр әскерлерініӊ Қазбриг және Қазбат бөлімшелеріҚазақстанныӊ Қарулы Күштерін көрсетті.

Бітімгерлік миссиясы аясында операцияларды сәтті жүргізу ұлтаралық бітімгерлік контигентіндегі іс-қимыл үйлесімділігіне ықпал етеді. Осы көріністерді сапалы өткізудіӊ маӊыздылығы оқу-жаттығу кезеӊі барысында, сондай-ақ алдында өткен барлық "Дала қыраны" оқу-жаттығуларыныӊ нәтижесінде жеткен жетістіктер мен жылдам үйлесуде болып отыр. Қазақстанда аталған оқу-жаттығу он үшінші рет өткізіліп отырғанын айта кеткен жөн.

Оқу-жаттығудыӊ бірінші кезеӊініӊ қорытындылау барысында әр жақтан, Қазақстан, АҚШ және Ұлыбритания армиясыныӊ басшылық өкілдеріқатысты. Олар оқу-жаттығу аясында командирлердіӊ жұмысына және бөлімшелердіӊ іс-қимылына жоғары баға берді.

Қазақстанныӊ басшылығын Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерініӊ Бас штабы бастығы генерал-майор Мүслім Алтынбаев және ҚР ҚК Құрлық әскерлері Аэроұтқыр әскерлерініӊ бас қолбасшысы генерал-майор Дәулет Оспанов таныстырды.

Екі апталық оқу-жаттығуды қорытындылау барысында "Дала қыраны" оқу-жаттығуыныӊ бірінші кезеӊі аяқталды. Оқу-жаттығудыӊ екінші кезеӊі ағымдағы жылдыӊ маусым айында өтеді. Осы уақытта қазіргі қатысушы құрамға Қырғызстан, Түркия және Тәжікстан әскери қызметшілері қосылады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны