10.05.2018, 20:44 3999

Дархан Кәлетаев Ұлыбританияныӊ Қазақстандағы Елшісімен екіжақты әріптестік мәселелерін талқылады

Бүгін Қазақстан Республикасыныӊ Дін істері және азаматтық қоғам министрі Дархан Кәлетаев Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігініӊ Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Майкл Джон Гиффордпен кездесті.

Астана. 10 мамыр. Kazakhstan Today - Бүгін Қазақстан Республикасыныӊ Дін істері және азаматтық қоғам министрі Дархан Кәлетаев Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігініӊ Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Майкл Джон Гиффордпен кездесті.

Кездесу барысында дін және азаматтық қоғам саласындағы екіжақты ынтымақтастықтыӊ жай-күйі, сондай-ақ, Вульф институты делегациясыныӊ Қазақстанға сапарын ұйымдастыру мәселелері талқыланды.Бұл институт иудейлер, христиандар және мұсылмандар арасындағы қарым-қатынасты академиялық зерттеумен айналысатын әлемдік көшбасшы ұйымдардыӊ қататына кіреді.

Ағымдағы жылдыӊ мамыр айыныӊ соӊына қарай аталған делегацияныӊ сапары аясында бірқатар іс-шаралар өткізу жоспарланған, атап айтқанда, министрлікте кездесу өткізу, діни ғимараттарды аралау, сондай-ақ Мәдениеттер мен діндердіӊ халықаралық орталығы және "Вульф" институты арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойыладыдеп күтілуде.

Иӊгімелесу кезінде Дархан Кәлетаев Қазақстан Республикасы мен Ұлыбритания Біріккен Корольдігініӊ арасында тығыз және сенімді қарым-қатынас қалыптасқанын атап өтті.

Д. Кәлетаев еліміздегі азаматтық қоғам институттарын дамыту барысымен таныстырып, мемлекет пен дін арасындағы өзара іс-қимыл моделін қалыптастырудағы шараларды баяндады. Атап айтқанда,министр 2017-2020 жылдарға арналған дін саласындағы мемлекеттік саясаттыӊ тұжырымдамасы қабылданғанын, оныӊ негізінде дін саласындағы заӊнамаға өзгетулеренгізу бойынша құжаттар пакеті әзірленгенін атап өтті. Кездесу соӊында тараптар дінжәне азаматтық қоғам саласындағы өзара іс-қимыл жөнінде сындарлы ынтымақтастықты дамытуға қызығушылық білдірді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны