07.02.2014, 18:19 19297

Денсаулық сақтау министрі Алматы облысының бірқатар денсаулық сақтау нысандарын аралады

Жолдауда денсаулық сақтау саласының дамуындағы басты көрсеткіш алғашқы медициналық-санитарлық көмек қызметінің жетілуі екені айтылған. Ир АМСК ұйымын аралауда еліміздің Бас дәрігері тіркеу жұмысымен танысып, емханадағы кезек мәселесін шешуге баса назар аударды.

Алматы. 7 ақпан. Kazakhstan today. ҚР Денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова Алматы облысының денсаулық сақтау нысандары: қалалық емхана, әйелдерге кеңес беру, қалалық балалар емханасын, қалалық аурухана, Талдықорғандағы облыстық кардиохирургиялық орталық, "Нұр-Авиценум" жеке меншік медициналық орталығы мен Үштөбе ауылындағы Қаратал аудандық орталық аурухана қызметімен танысты.

Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, медициналық қызметкерлер мен науқастармен әңгімелесу барысында министр ҚР Президентінің Қазақстан халқына "Қазақстандық жол-2050": Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ" Жолдауында алға қойылған тапсырмаларды орындау бойынша денсаулық сақтау жүйесінің болашақтағы жұмыс жоспарларымен таныстырды.

Жолдауда денсаулық сақтау саласының дамуындағы басты көрсеткіш алғашқы медициналық-санитарлық көмек қызметінің жетілуі екені айтылған. Ир АМСК ұйымын аралауда еліміздің Бас дәрігері тіркеу жұмысымен танысып, емханадағы кезек мәселесін шешуге баса назар аударды.

Жекелеген профилактикалардың, халыққа әлеуметтік психологиялық көмек пен салауатты өмір салты мектебінің жұмысымен танысу барысында Салидат Қайырбекова салауатты өмір сүру салты мен дұрыс тамақтану тәртібін халық арасында кеңінен насихаттау қажеттігін айтты. Бұл үшін телефон, ғаламтор, БАҚ секілді құралдарды пайдалануға жол ашық екенін жеткізді. Сонымен қатар, министр еріктілер жұмысына да тоқтала кетті. Жолдауда Мемлекет басшысы спортпен шұғылдану, дұрыс тамақтану, тұрақты алдын ала тексерулер денсаулықтың басты кепілі екенін айтқан еді.

Айта кетейік, Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесін енгізу медициналық қызмет қолжетімділігін арттырып, соның ішінде ауыл халқына пайдасын тигізді. БҰДЖ аясында ауылдық денсаулық сақтауды қаржыландыру алғашқы медициналық-санитарлық көмек қызметінің нәтижелі болуы үшін медициналық қызметкерлерге жағдай жасауға мүмкіндік берді.

Кездесу барысында Бас дәрігер ана мен нәресте өлімінің, қан айналымы жүйесі ауруынан көз жұму оқиғаларының азаюын бақылаудың төмендігін де тілге тиек етті.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны