10.02.2014, 19:15 3820

Денсаулық сақтау министрі С.Қайырбекова Шығыс Қазақстан облысына барды

Министр сондай-ақ, Семейде Өңірлік онкологиялық диспансерге ат басын бұрып, радиологиялық кластерді пайдалануға беру барысымен танысты.

Алматы. 10 ақпан. Kazakhstan today. ҚР Денсаулық сақтау министрі С.Қайырбекова ҚР Президентінің Қазақстан халқына арнаған Жолдауын түсіндіру мақсатында Шығыс Қазақстан облысына барды.

"Семей қаласында Салидат Қайырбекова қалалық №2 және №3 емханаларға барып, медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету жайымен танысты. Медициналық қызметкерлермен әңгіме барысында Жолдауда медициналық-санитариялық алғашқы көмекті дамытуға басымдық берілгенін атап көрсетті. Осы орайда бастапқы буында қандай жүйелі іс-шаралар жүзеге асырылатынын баяндады", - деп ведомствода хабарлады.

Министр сондай-ақ, Семейде Өңірлік онкологиялық диспансерге ат басын бұрып, радиологиялық кластерді пайдалануға беру барысымен танысты.

Жекеменшік "IN-VITRA" медициналық мекемеге барған кезінде денсаулық сақтау саласында мемлекеттік-жекеменшік серіктестікті дамытудың маңыздылығын атап көрсетті.

Өңірдің медициналық қоғамдастығымен кездесуде Салидат Қайырбекова халық денсаулығын сақтау саласында мемлекет тарапынан атқарылып жатқан шаралар, салаға бағытталған қаражат, оны тиімді және ашық пайдалану турасында әңгімеледі.

Осы орайда ҚР ДСМ Медициналық және фармацетивкалық қызметті қадағалау комитеті тарапынан халыққа ұсынылатын қызмет сапасына бақылау күшейтілетінін алға тартты.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны