13.06.2013, 13:25 8318

Денсаулық сақтау министрлігі азық-түлік қауіпсіздігін тексеруге арналған тегін акциялар өткізеді

Қазақстанда азық-түлік сататын пункттерде жаз-күз мезгілінде азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігін тексеру үшін тегін акциялар жүргізіледі, деп хабарлады ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті төрағасының орынбасары Айжан Есмағамбетова.

Астана. 13-маусым. Kazakhstan Today - Денсаулық сақтау министрлігі азық-түлік қауіпсіздігін тексеруге арналған тегін акциялар өткізеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қазақстанда азық-түлік сататын пункттерде жаз-күз мезгілінде азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігін тексеру үшін тегін акциялар жүргізіледі, деп хабарлады ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті төрағасының орынбасары Айжан Есмағамбетова.

"Өткен жылдан бастап мемлекеттік эпидемиологиялық қадағалау органдары азық-түлік тауарлары сататын нысандарда, алдымен базарларда, ірі супермаркттерде және жәрмеңкелерде "Таза өнім - халықтың денсаулығы" атты акциялар өткізіліп тұрады", - деді

А.Есмағамбетова.

"Аталған акция аясында халық азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігін тексере алады... Мұндай акциялар жаз-күз аралығында өткізіліп, эпидемиологиялық қадағалау органдары практикасына енеді", - деп атап өтті Комитет басшысының орынбасары.

Сонымен қатар, ол тестілеу барысында балдың қышқылдығын, тығыздығын, табиғилығын, микробиологиялық ластануын және нитраттардың құрамын анықтауға болатынын айтты.

Комитет басшысы орынбасарының айтуынша, санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік ережелері бұзылған жағдайда өнім сатылымнан алып тасталынады.

Айта кету керек, аталған зерттеулер тегін негізде өткізіліп, 30 қалада және 139 елді мекенде 200-ден астам азық-түлік базары, 93 ірі сауда объектісі, 12 жәрмеңке және 89 сауды объектісі қамтылды.

Бұдан өзге, Жылдың басынан азық-түлік қауіпсіздігін бақылау мақсатында эпидемиологиялық қадағалау органдары 100 тоннаға жуық азық-түлік өнімдері сатылымнан алынып тасталынып, жойылды, сүт өнімдері - 43 тонна, сусындар - 21 тонна, ет өнімдері - 14 тонна және кондитерлік өнімдер - 10 тонна.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны