08.01.2018, 14:33 4428

Денсаулық сақтау министрлігінде дәрімен қамтамасыз ету мәселелері талқыланды

Сонымен қатар құрамында есірткі, психотроптық құралдары мен прекурсорлар бар дәрілік заттарды жеткізу мәселесіне үлкен назар аударылады. Қазіргі уақытта Бірыӊғай дистрибьютор осы фармқызметті сатып алуды өткізуде, оныӊ қорытындылары 16 ақпанда белгілі болады.

Астана. 8 қаӊтар. Kazakhstan Today - Қазақстандықтарды тегін дәрілермен қамтамасыз ету ҚР Денсаулық сақтау министрлігініӊ ерекше бақылауында. Бүгін Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов денсаулық сақтау басқармасы, фармация комитеті және "СК-Фармация" басшыларыныӊ қатысуымен селекторлық жиын өткізді.

Қазіргі уақытта Бірыӊғай дистрибьютор бір мезгілде бірнеше сатып алу шараларын қатар өтікізуде. Амбулаториялық және стационарлық дәрілер мен медициналық бұйымдарды тікелей сатып алу жүзеге асырылуда. Бұдан басқа, алғаш рет дәрілерді сақтау және тасымалдау бойынша, 8 аймақ үшін дәрілерді есепке алу және өткізу бойынша және құрамында есірткісі, психотроптық заттар және прекурсорлары бар дәрілік заттар үшін фармацевтикалық қызметті орталықтандырылған сатып алу ұйымдастырылды.

"СҚ-Фармация" ЖШС басқарушы директоры - басқарма мүшесі Гүлнәр Омарованыӊ айтуынша, 5 қаӊтардағы ахуал бойынша амбулаторияны дәрімен қамтамасыз ету үшін 74% дәрі-дәрмек сатып алынды.

Халықаралық ұйымдармен және және шетелдік зауыт-дайындаушылармен, отандық өндірушілермен ұзақ мерзімді шарттар аясында дәрі-дәрмектер сатып алынды. Қалған дәрілер мен медициналық мақсаттағы бұйымдар екі кезеӊді тендер арқылы сатылып алынады. 4 қаӊтарда тендерлік өтінімдерді ашу рәсімі өткізілді. 389 дәрі мен медициналық бұйымдар атауы бар әлеуетті өнім берушіден 33 өтінім түсті. Екі кезеӊді тендердіӊ қорытындысы 2018 жылдыӊ 2 ақпанда өткізіледі.

Гүлнәр Омарова өз сөзінде тегін дәрілерді есепке алу және өткізуді сатып алу туралы айтты. Оныӊ айтуынша, қызмет сатып алынатын аймақтарда диспансерлік емделушілерге дәрі компанияныӊ конкурста жеӊіске жеткен дәріханалар жүйесі арқылы беріледі. Тендер қорытындысы 25 қаӊтарда белгілі болады. "Сатып алу қызметі өткізілмейтін аймақтарда, Астана және Алматы қалаларында, сондай-ақ СҚО, ШҚО, Павлодар, Қарағанды, Алматы, Атырау облыстарыныӊ денсаулық сақтау басқармасы тегін дәрілерді емхана жанындағы дәріхана пукттері арқылы беруге шешім қабылдады. Сатып алу қызметінен бастартудан үнемделген ақша, қосымша дәрі сатып алуға бағытталды", -дейді бірыӊғай дистрибьютор басшысы.

Сонымен қатар қазіргі уақытта дәрі-дәрмектерді тасымалдау және сақтау жөніндегі көрсетілетін қызметті сатып алу бойынша тендер өткізілуде. Логистикалық қызметтерді көрсететін компаниялар 26 қаӊтарда белгіленетін болады және 2018 жылғы екінші тоқсанынан бастап төртінші тоқсанға дейін қызмет көрсетеді. Сонымен бірге 12 өӊір үшін осы қызмет бірінші тоқсанға сатып алынған. Ал сатып алу жеӊімпазы анықталмаған кезде сатып алу қорытындысы шығаруға дейін ДЗ мен ММБ тиеуді қолданыстағы логистер арқылы жүзеге асырылатын болады.

Сонымен қатар құрамында есірткі, психотроптық құралдары мен прекурсорлар бар дәрілік заттарды жеткізу мәселесіне үлкен назар аударылады. Қазіргі уақытта Бірыӊғай дистрибьютор осы фармқызметті сатып алуды өткізуде, оныӊ қорытындылары 16 ақпанда белгілі болады.

Фармация комитетініӊ төрағасы Людмила Бюрабекова өз сөз сөйлеуін нашақорлық құралдарға да арнады. Ол нашақорлық құралдарға квоталарды қалыптастыру тәртібі туралы айтты. Оныӊ айтуы бойынша, медициналық ұйымдар келесі күнтізбелік жылға құрамында есірткі, психотроптық құралдары мен прекурсорлар бар дәрілік заттарға қажеттілікті жыл сайын қалыптастырады, одан кейін қажеттілік көлемін ҚР ІІМ бекітеді. "Ал ҚР СІМ, өз кезегінде, БҰҰ нашақорды бақылау жөніндегі халықаралық комтетініӊ штаб-пәтеріне халықаралық квоталарын бекіту үшін келесі жылға Қазақстан Республикасыныӊ есірткі заттар мен психотроптық заттарға деген қажеттілігі нормасын жібереді. ҚР ІІМ ақпараты бойынша бүгінгі күні халықаралық квоталар бекітілген", - деп баян етті Людмила Бюрабекова.

Бұдан өзге, жиналыста екпеге қажетті көлемін сатып алу мәселесі қарастырылды.Сондай-ақ, балаларды егу жұмыстары қолданыстағы ұлттық екпе күнтізбесіне сәйкес іске асырылатыны да баса айтылды.

Кеӊес барысында сөз етілген ақпарат тегін дәрі-дәрмектерді сатып алу рәсімі ілеспе қызметтер сияқты толық түрде өткізіліп жатқанын куәландырады. Ұсынылған деректер қазақстандықтарды 2018 жылы дәрімен үздіксіз қамтамасыз ету үшін барлық ықтимал шаралар қолданғандығын көрсетеді. Жүзеге асырылатын сатып алу ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтыӊ жеке бақылауында.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны