24.02.2014, 18:58 17709

Денсаулық сақтау министрлігінде мемлекеттік-жекеменшік әріптестік мәселесі талқыланды

Бүгінгі таңда МЖИ жүйесі бойынша денсаулық саласында 38 жоба жоспарланған, оның ішінде "100 мектеп 100 аурухана" бағдарламасы аясында - 6, "350 емхана, дәрігерлік амбулатория, фельшерлік-акушерлік пункттер" бағдарламасы шеңберінде - 17, жергілікті билік органдарының бастамасымен МЖИ жүйесі аясында (бағдарламалардан тыс) - 10 жоспарланса, ал, 5 қолданыстағы нысанды МЖИ жүйесі бойынша сенімгерлік басқаруға беру көзделген.

Алматы. 24 ақпан. Kazakhstan today. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі "Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнымен бірлесіп "ҚР денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік-жекеменшік серіктестік және сенімгерлік басқару" тақырыбында селекторлық отырыс өткізді.

Ведомстводан хабарлағандай, келелі кеңеске министрліктің өкілдері, облыс әкімдерінің орынбасарлары, Астана қаласының және облыстық денсаулық сақтау, қаржы, құрылыс басқармаларының бастықтары, "МЖС қазақстандық орталығы" АҚ, "Байтерек" ҰБХ" АҚ қатысты.

Бүгінгі таңда МЖИ жүйесі бойынша денсаулық саласында 38 жоба жоспарланған, оның ішінде "100 мектеп 100 аурухана" бағдарламасы аясында - 6, "350 емхана, дәрігерлік амбулатория, фельшерлік-акушерлік пункттер" бағдарламасы шеңберінде - 17, жергілікті билік органдарының бастамасымен МЖИ жүйесі аясында (бағдарламалардан тыс) - 10 жоспарланса, ал, 5 қолданыстағы нысанды МЖИ жүйесі бойынша сенімгерлік басқаруға беру көзделген.

Сонымен қатар, "Мемлекеттік жекеменшік туралы " ҚР заңына сәйкес 12 жұмыс істеп жатқан нысан сенімгерлік басқаруға беріледі.

ҚР заңнамасына концессия туралы қосымшалар мен өзгерістер енгізіліп және олардың ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап іске қосылуына байланысты министрлік облыстық және Астана, Алматы қалаларының әкімдіктеріне концессиялық жобалар бойынша әдістемелік құжаттарды жіберді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны