09.08.2017, 19:21 10745

Денсаулық сақтау саласын дамытудыӊ 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасыныӊ негізгі 7 бағыты анықталды

2017 жылдыӊ 6 айлық қорытындысы бойынша республика халқыныӊ арасында 10 жұқпалы ауру бойынша жағдай тіркелмеген, 12 нозология бойынша бірлі-жарым жағдай ғана тіркеліп отыр, 2016 жылдыӊ осы тектес кезеӊмен салыстырғанда 26 жұқпалы ауру бойынша деӊгейді төмендетуге қол жеткізілді, оныӊ ішінде қызылша ауруы 55 есе, трихинеллез 20 есе, менингококтық жұқпа 3,8 есе төмендетілді.

Денсаулық сақтау саласын дамытудыӊ 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасыныӊ негізгі 7 бағыты анықталды

Астана. 9 тамыз. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасы Президентініӊ 2016 жылғы 15 қаӊтардағы №176 жарлығымен денсаулық сақтау саласын дамытудыӊ 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы бекітілген болатын.

Мемлекеттік бағдарламаныӊ мақсаты - Мемлекетіміздіӊ әлеуметтік әл-ауқаты мен экономикалық өркендеуініӊ негізі ретінде азаматтардыӊ денсаулығын сақтаудыӊ тиімді және орнықты жүйесін дамытуды қамтамасыз ету.

Алға қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін Мемлекеттік бағдарламаныӊ негізгі 7 бағыты анықталды:

1.Халық денсаулығын сақтаудыӊ негізі ретінде қоғамдық денсаулық сақтауды дамыту;

2. МСАК-ті жаӊғырту және басымдықпен дамытудыӊ негізінде барлық денсаулық сақтау қызметтерін пациент мұқтаждықтары айналасына интеграциялау;

3. Медициналық қызметтердіӊ сапасын қамтамасыз ету;

4. Ұлттық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету саясатын іске асыру;

5. Ниеттестікті ендірудіӊ негізінде денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру және оныӊ қаржылық тұрақтылығын арттыру;

6. Денсаулық сақтау саласындағы адами ресурстарды басқарудыӊ тиімділігін арттыру;

7. Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік, инновациялар мен қазіргі заманғы ақпараттық-коммуникациялық технологиялардыӊ негізінде денсаулық сақтау инфрақұрылымын одан әрі дамытуды қамтамасыз ету;

Қазақстан Республикасы халқыныӊ денсаулық сақтау көрсеткішіне шолудан бастауға рұқсат берсеӊіздер.

Денсаулық сақтау аясындағы мемлекеттік бағдарламаны іске асырудыӊ арқасында соӊғы он жылда барлық негізгі көрсеткіштер оӊ динамикаға ие болып отыр:

Адамныӊ өмір сүрудіӊ күтілген ұзақтығы 6 жылға ұзартылды.

күтілген өмір сүру ұзақтығы 6 жылға ұзарды, жалпы адам өлімі 27 пайызға қысқарды, ана өлімі 4 есе төмендеді, сәби өлімі 1,6 есе, қатерлі ісік аурулары 20 пайызға, туберкулез ауруынан қайтыс болғандардыӊ саны 5 есе азайды

Халықтыӊ денсаулығын нығайту және сақтау үшін Министрлік келесі шараларды іске асыруда.

Халық денсаулығын сақтаудыӊ негізі ретінде қоғамдық денсаулық сақтауды дамыту

Денсаулықты нығайту және ауруларды алдын-алу бойынша тиімді және қолжетімді тетіктерді құру мақсатында қоғамдық денсаулық қызметі қалыптастырылды.

Осыған тектес қызмет аймақтарда да құрылуда.

ҚДҚ қызметініӊ негізгі бағыттары - бұл қолданыстағы әдіс-тәсілдер арқылы Қазақстан тұрғындарыныӊ денсаулығын қорғау мен нығайту, мүдделі мемлекеттік органдармен ведомствоаралық өзара әрекеттесудіӊ негізінде салауатты өмір салтын ынталандыру (санитарлық-эпидемиологиялық, экологиялық, ветеринарлық қызметі).

Халықтыӊ санитарлық-эпидемиологиялық әлеуетін қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдануда.

2017 жылдыӊ 6 айлық қорытындысы бойынша республика халқыныӊ арасында 10 жұқпалы ауру бойынша жағдай тіркелмеген, 12 нозология бойынша бірлі-жарым жағдай ғана тіркеліп отыр, 2016 жылдыӊ осы тектес кезеӊмен салыстырғанда 26 жұқпалы ауру бойынша деӊгейді төмендетуге қол жеткізілді, оныӊ ішінде қызылша ауруы 55 есе, трихинеллез 20 есе, менингококтық жұқпа 3,8 есе төмендетілді.

21 жұқпалы ауруға қарсы тұрғындарға екпе егу жұмыстары жүргізілуде. Ағымдағы жылдыӊ өткен кезеӊ бойынша республикалық бюджет есебінен 2 млн-ға жуық адамға (2337 241) екпе егілді.

47,5 % жуығы екпемен қамтылды. Бұл Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымыныӊ ұсынысына сәйкес келеді. Екпе егуге жататын 11557 адам екпе алмады, оныӊ ішінде 46 %-екпеге өзініӊ жеке көзқарасы бойынша, 42% -діни сенім бойынша, 8% - екпеге сенімсіздік танытуы бойынша, 4% - БАҚ беттеріндегі жағымсыз ақпараттардыӊ нәтижесінде бас тартқан.

Екінші бағыт - МСАК деӊгейінде медициналық көмек көрсету. МСАК дамыту мен жаӊғырту, жедел медициналық жәрдемді дамыту, денсаулық сақтаудыӊ барлық қызметін біріктірумен арнайыландырылған медициналық көмекті дамыту қарастырылған.

Елімізде жыл сайын МСАК дәрігерлеріне 50 млн-ға жуық адам тіркеледі. ҚР 1 тұрғынына шаққанда дәрігерге 3 рет кіру тіркеліп отыр. Экономикалық әріптестік және даму халықаралық ұйымыныӊ (ЭИДҰ) елдерінде бұл көрсеткіш 6,7-ге теӊ.

Медициналық көмектіӊ қолжетімділігін және сапасын арттыру және кешенділігін қамтамасыз ету үшін емделушілердіӊ мұқтаждылығы аясындағы денсаулық сақтаудыӊ барлық қызметін біріктіру саясаты жүргізілуде.

Жалпы дәрігерлік тәжірибесініӊ кіші түрін дамытуға бағытталған МСАК моделі мен құрылымы қайта қаралды. Бір дәрігердіӊ жүктемесін ЭИДҰ елдерініӊ деӊгейіне дейін азайту үшін 2019 жылы (1500-ге дейін) емxаналарда МСАК үлгілік құрылымдары қарастырылған.

Тіркеу құжаттарын енгізу бойынша МСАКмедицина қызметкерлерініӊ жүктемесін төмендету үшін бастапқы медициналық құжаттардыӊ нысандары бойынша өзгертулер енгізілді. Нәтижесінде есептік нысандар 30 пайызға қысқартылды. Қолға алған шара айтарлықтай МСАК ұйымдарындағы кезекті, медициналық қызметкерлердіӊ жүктемесін азайтуға, қағаз жүзіндегі құжат айналымын қысқартуға мүмкіндік береді.

Бүгінгі таӊда тегін медициналық көмектіӊ кепілдік берілген көлемі аясында тегін дәрілік заттармен ТМКМК шеӊберінде жалпы 68,3 млрд теӊге сомасында МСАК деӊгейінде 2 млн диспансерлік ем алушылар қамтылған.

Ағымдағы жылы дәрілік заттар тегін таратылатын аурудыӊ тізімдері кеӊейді.

Бірден 3 айға дәрілік заттарды жаздырып алуды жеӊілдетудіӊ арқасында тегін дәрілік заттарды алу үшін емxаналарда дәрігердіӊ қабылдауында кезекте тұратын пациенттердіӊ уақыттары едеуір азайтылды.

Тегін дәрілерді ай сайын беру сирек ұшырасатын ауруға шалдыққандар мен қымбат дәрілер үшін сақталады.

Аурудыӊ бес тобы бойынша біріктірілген модель енгізілуде. Бұл облыс көлемінде медициналық көмек көрсетудіӊ үш деӊгейі бойынша денсаулық сақтау мекемелерін үлестіруді қарастырады.

Біріктірілген модельді енгізу пациенттердіӊ өмір сапасын жақсартуға және осы аурулар бойынша өлім-жітім жағдайларын төмендетуге мүмкіндік береді.

Республикада жедел жәрдем көрсетуді жетілдіру мақсатында жедел медициналық көмек қызметініӊ екі деӊгейлі моделі құрылатын болады.

Жедел медициналық көмектіӊ орталықтандырылған қызметініӊ жаӊа моделі ақпараттық қамтамасыз етудіӊ бірыӊғай жүйесімен Павлодар мен Қызылорда облыстарында қабылданатын болады.

ҚР-да көп профильді стационарлардағы қабылдау бөлмесініӊ жаӊа форматын енгізу жоспарлануда: триаж-жүйесін енгізу, пациентке бағдарланған тәсілдерін енгізу, қабылдау бөлмелердіӊ кадрлық және материалдық-техникалық жабдықтауларын қайта қарау.

Үшінші бағыттыӊ шеӊберінде - медициналық қызмет сапасымен қамтамасыз ету медициналық көмектіӊ сапасын басқаруды және стандарттауды, денсаулық сақтауда аккредитация мен лицензия берудіӊ дамуын қарастырады.

Медициналық қызметтіӊ сапасы жөніндегі біріктірілген комиссиясы құрылды.

2016 жылы Біріктірілген бақылау комиссиясында диагностика мен емдеудіӊ 281 клиникалық хаттамасы, 40 медициналық технологиясы және медициналық көмек көрсету ұйымыныӊ 8 стандарты мақұлданды.

2017 жылдыӊ 1 жарты жылдығында диагностика мен емдеудіӊ 59 клиникалық хаттамасы, 14 медициналық технологиясы мақұлданды.

Анықтама: 59 клиникалық хаттама: ішкі ми қан құйылуы, торлы қабық астына қан құйылуы, ликвор ағуы, жамбас сүйектіӊ зақымдануы, тексеріс эндо протездеу буыны, тексеріс эндо тізе буындары, омыртқа деформациясыныӊ туа бітуі мен жүре пайда болуы, крон ауруы, ойық жаралы колиті, жұқпалы аурулар (иерсиниоз, дифтерия, трихинеллез, лямблиоз, энтеровирусты инфекциясы, туляремия, столбняк) және т.б.

Стоматологиялық және оториноларингологиялық көмекті, аллергологиялық және иммунологиялық көмекті көрсетуді ұйымдастыру бойынша стандарттар бекітілді.

Хирургиялық, неонаталды хирургиялық көмекті, жақ-бет хирургиялық көмек көрсетуді ұйымдастырудыӊ стандарттары әзірленді.

Жылдыӊ аяғына дейін 180 клиникалық хаттаманы жетілдіру мен әзірлеу жоспарланды, оныӊ ішінде 98 жаӊа және 82 ескі клиникалық хаттамасы, медициналық көмек көрсетуді ұйымдастырудыӊ 8 стандарты.

Қазіргі таӊда біріктірілген бақылау комиссиясын өзін-өзі реттейтін ұйымға көшіру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бұл бәтуаласуда кәсіби қауымдастықтыӊ мемлекетпен бірлесее шешім қабылдауға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, алдағы уақытта оларға мемлекеттік органдардыӊ кейбір міндеттерін тапсыру және іріктеу үшін бекітілген өлшемдерге сәйкес олардыӊ қызметтерін бағалау мақсатында кәсіби медициналық қауымдастықты аккредитациялау жұмыстары жүргізілуде.

Қайта реттеу шеӊберінде нақты ортаға және өзін-өзі реттейтін ұйымға 14 міндетті тапсыру жоспарлануда (аккредитациялау, медициналық көмекті көрсетудіӊ стандартын әзірлеу, біліктілік емтихандарын өткізу және т.б).

Төртінші - Ұлттық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету саясаты.

Өндірушілермен тікелей қарым-қатынас орнату шеӊберінде дәрі-дәрмекті сатып алу артуда. Бұл үнемделген қаржыны қосымша дәрі-дәрмекті сатып алуға жолдауға мүмкіндік береді.

Бірыӊғай дистрибьютордыӊ жалпы сатып алуда отандық өндірушілердіӊ үлесі таза табиғи есеппен 75%-ды, қаржылай есеппен 30%- ды құрап отыр.

Аталған Жолдаудағы Мемлекет басшысыныӊ тапсырмасы негізінде дәрі-дәрмектіӊ бағасын мемлекеттік реттеу бойынша заӊнаманы жетілдіру бойынша жұмыстар басталды.

Бесінші бағыт - Ниеттестікті ендірудіӊ негізінде денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру және оныӊ қаржылық тұрақтылығын арттыру

Илеуметтік медициналық сақтандырудыӊ қоры қызмет етуде, барлық өӊірлерде оныӊ барлық филиалдары құрылды және басшылары тағайындалды.

Өздеріӊізге белгілі, ағымдағы жылдыӊ 30 маусымында ИМСҚ жарнасы мен аударымныӊ мөлшерін, ИМСҚ - на жарналары мемлекет аударатын тұлғалардыӊ тізімін анықтауды, сондай-ақ, ИМСҚ жарнасын төлеушілерді, ИМСҚ активтерін сақтау мен қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етуді қайта қарауды қарастыратын Заӊ қабылданған болатын.

ИМСҚ енгізуде қоғам санасын дайындау мен қалыптастыру мақсатында халық, жұмыс берушілер, медициналық жұмысшылар арасында кеӊінен ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жалғасуда.

6 бағыт - Денсаулық сақтау саласындағы адами ресурстарды басқарудыӊ тиімділігін арттыру.

Халықтыӊ дәрігерлермен қамтамасыз етілуі ЭИДҰ елдеріне қарағанда жоғары, ал медбикелермен қамтамасыз етілу керісінше төмен.

Сонымен бірге, негізгі түйіткілді мәселелердіӊ бірі- кадрмен қамтамасыз ету болып табылады, әсіресе, ауылды жерлерде кадрлық дайындаудыӊ сапасы көӊіл көншітпейді.

Осыған орай, біз шетелдердіӊ жоғары оқу орындарымен стратегиялық әріптестік орната отырып, медициналық білімді жаӊғырту жұмыстарын жүргізіп келеміз.

Медициналық жоғары оқу орындарыныӊ стратегиялық шетелдік серіктестері анықталды, 5 жылға дамудыӊ стратегиялық жоспарын әзірлеу бойынша жұмыстар жүргізілді.

Қолданбалы бакалавриаттыӊ Фин моделініӊ негізінде медбикелік білімді жаӊғырту бойынша жұмыстар жалғасын табуда. Қазіргі таӊда алты пилотты колледжде 320 адам дәріс алуда.

7 бағыт. Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік, инновациялар мен қазіргі заманғы ақпараттық-коммуникациялық технологиялардыӊ негізінде денсаулық сақтау инфрақұрылымын одан әрі дамытуды қамтамасыз ету.

Денсаулық сақтау мекемелерініӊ желісін дамытуды, медициналық техниканы пайдаланудыӊ тиімділігін арттыруды, қазіргі заманғы ақпараттық-коммуникациялық технологиялардыӊ әрі қарайғы дамуын қамтамасыз етуді қарастырады.

Денсаулық сақтау саласында 63 МЖМИ жобаларын әзірленуде, оныӊ ішінде 2 республикалық концессиялық жобасы, 61 жергілікті жобасы.

Қазіргі таӊда жалпы сомасы 12 млрд теӊге болатын 11 жергілікті жоба бойынша МЖМИ келісім - шарты жасалды(оныӊ ішінде 2017 жылы 10 млрд теӊге сомасында МЖМИ 10 жоба бойынша) оныӊ ішінде:

- Павлодар облысында 4 жоба, Ақтөбе облысында - 3, Қостанайда - 1, Ақмолада - 1, Қызылорда облысында - 1, Оӊтүстік қазақстан облысында - 1.

Жоғарыда аталған МЖМИ келісім-шарттар 5 жылдан 30 жылға дейінгі мерзімде жасалған.

10 жергілікті Денсаулық сақтау нысаны бойынша сенімді басқару шарты жасалды, оныӊӊ ішінде Жамбыл облысында-8. Ақтөбеде-1, Алматы-1.

2016-2020 жылдарға арналған қолданыстағы жекешелендірудіӊ кешенді жоспарыныӊ шеӊберінде 7 облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы жекешелендірілді.

Ағымдағы жылы электронды денсаулық құжатын енгізу бойынша жоба жалғасын табады. Бұл адам өмірініӊ соӊына дейінгі денсаулығы жайында мәліметтіӊ тіркелуіне мүмкіндік береді.

Электронды денсаулық құжаты бурӊығай біріктірілген платформаға орналастырылады. Бұл пилотты қолдануды іске асыру 2017 жылдыӊ аяғына дейін жоспарлануда.

Сондай-ақ, ағымдағы жылдыӊ соӊына дейін медициналық мекемелер ақпараттық жүйемен 50% -ға, 2018 жылдыӊ аяғына дейін -100%-ға қамтамасыз етілетін болады. Бұл 2019 жылдыӊ 1 қаӊтарынан бастап медициналық мекемелердіӊ қағазсыз жұмыс форматына көшуіне мүмкіндік береді.

Қабылданған шаралар Мемлекет басшысы қойған міндетті жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Қазақстан 2050 жылға дейін әлемдегі дамыған 30 елдіӊ қатарына енуі және адамныӊ өмір сүру ұзақтығы 80 жасқа дейін артылуы тиіс. Елбасыныӊ үкімет алдына қойып отырған негізгі тапсырмаларыныӊ бірі осы.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны