27.07.2017, 20:19 4313

Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінде Египеттегі қазақстандықтардыӊ қатысуымен болған жағдай туралы пікір білдірді

Жастарымыз, шетелге діни білім алу мақсатында шығып, радикалды діни ағымдардыӊ идеологтарыныӊ ықпалына түседі. Бұл қазақстандықтардыӊ шетелдегі діни оқу орындарына баруыныӊ реттелмеген тәжірибесініӊ салдары болып табылады. Бүгінгі таӊда 300-ге жуық азаматтарымыз шетелде осындай жағдайда білім алуда, көбінесе олар Египет пен Сауд Арабиясында оқиды.

Астана. 27 шілде. Kazakhstan Today - Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Египетке тіл курсына оқуға барған алты қазақстандық студенттіӊ қатысуымен болған жағдай туралы пікір білдірді.

ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрініӊ кеӊесшісі Бақытжан Құлекеевтіӊ айтуынша, Каир қаласындағы тілдік курстарында оқитын қазақстандық алты тыӊдаушы Египеттіӊ құқық қорғау орагандарыныӊ қызметкерлерімен ұсталып, сол мемлекетте екендігі анықталды.

Ведомство өкілдері аталған оқиға оӊ шешліп, азаматтарымыз елге аман есен оралатындығына үміттенетінін жеткізді.

"Осы оқыға байланысты Дін істері және азаматтық қоғам министрі Н. Ермекбаев шетелдік оқу орындарына жастарымыздыӊ бақылаусыз шығып кету мәселесін бірнеше рет көтерген болатын", - деп атап өтті министрдіӊ кеӊесшісі.

Жастарымыз, шетелге діни білім алу мақсатында шығып, радикалды діни ағымдардыӊ идеологтарыныӊ ықпалына түседі. Бұл қазақстандықтардыӊ шетелдегі діни оқу орындарына баруыныӊ реттелмеген тәжірибесініӊ салдары болып табылады. Бүгінгі таӊда 300-ге жуық азаматтарымыз шетелде осындай жағдайда білім алуда, көбінесе олар Египет пен Сауд Арабиясында оқиды. Аталған азаматтардыӊ бір бөлігі түсіндіру жұмыстарынныӊ нәтижесінде елге оралды.

"Аталған мемлекеттерде ахуал бүгінгі таӊда күрделі екендігін түсіну қажет. Ол жақта терроризмге қарсы және жалпы көші-қон тәртібі күшейтілді. Осыған байланысты, егер радикалды ағымдардыӊ жақтаушысы болмасаӊызда, марказ деп аталатын күмәнді оқу орталықтарында, діни немесе тілдік курстарында оқитын болсаӊыз, жергілікті арнайы органдар мен полицияныӊ назарына дереу ілігесіз", - деп баса айтты Б. Құлекеев.

Осыған байланысты, министрлік осындай жастардыӊ ата-аналарына балаларын осынау оқу орындарына жібермес бұрын мәселеніӊ дұрыстығын мұқият ойластырып, барлығын ақылға салуға кеӊес береді.

Бақыжан Құлекеев өзіміздіӊ оқу орындарымыз бар екенін ескертті. Мысалға, Алматыдағы "Нұр-Мүбарак" университеті мен еліміздегі медреселердіӊ жүйесі бар. "Сондай-ақ, неліктен тиісті мамандық алып, болашақта табыс көздерін таба алатын басқа да білім алуды ойламасқа", - дейді министрдіӊ кеӊесшісі.

Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы бұдан былай шетелде келісімсіз білім алып келген тұлғаларды жұмысқа қабылдамайтынын жариялады.

Қазіргі уақытта діни қызмет туралы заӊнама жобасын әзірленуде. Осы жұмыс шеӊберінде, шетелде теологиялық білім алумен байланысты қоғамдық қатынастарды реттейтін норманы ұсынылатын болады.

"Бірнеше нұсқалар бар. Біз оларды басқа ведомстволардыӊ сарапшыларымен талқылау үстіндеміз. Олардыӊ бірі Қазақстанда бакалавриат деӊгейінде жоғарғы діни білім алғаннан кейін және тіркелген діни бірлестіктердіӊ жолдамалары бойынша ғана шетел мемлекеттерінде рухани (діни) білім алуды қарастырады. Магистратура және докторантура деӊгейі бойынша білім алуға шектеулер қарастырылмайды. Егер діни бірлестікте Қазақстан аумағында тиісті білім беретін мекемесі болмаған жағдайда ғана оқыту қарастырылуы мүмкін.

Аталған норма бойынша қойылатын шетелге шығуға шектеу азаматтардыӊ білім алудағы басты құқықтарын бұзбайды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны