01.09.2017, 21:13 3505

Дональд Трамп Нұрсұлтан Назарбаевты Вашингтонға ресми сапармен келуге шақырды

Мемлекеттер басшылары әӊгіме соӊында екі жақтыӊ да мүдделі болатын мәселелері жөніндегі тұрақты диалогты қолдауға ниетті екендіктерін білдірді. Телефон арқылы сөйлесуге АҚШ жағы бастамашы болды.

Астана. 1 қыркүйек. Kazakhstan Today - Нұрсұлтан Назарбаев Америка Құрама Штаттарыныӊ Президенті Дональд Трамппен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды Ақорда.

Иӊгімелесу барысында Дональд Трамп Қазақстан Президентін Астанадағы "ЭКСПО-2017" халықаралық көрмесініӊ табысты өтуімен құттықтап, Америка делегациясыныӊ осы іс-шараға қатысуыныӊ нәтижелерін жоғары бағалады.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Техас штатындағы ондаған адамныӊ өмірін қиған табиғат апатына байланысты көӊіл айтып, зардап шеккен аудандардағы инфрақұрылымныӊ тезірек қалпына келуіне және жергілікті халықтыӊ қалыпты тіршілікке қайта оралуына тілектестігін білдірді.

Екі ел көшбасшылары биылғы 21 мамырда Эр-Риядта өткен "Ислам әлемі - АҚШ" саммиті аясындағы алғашқы кездесудіӊ Астана мен Вашингтон арасындағы ынтымақтастықты нығайту ісіндегі маӊыздылығын атап өтті.

Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ Президентіне биылғы 10-11 қыркүйекте Астанада Ислам ынтымақтастығы ұйымыныӊ ғылым және технологиялар жөніндегі саммиті өтетінін айтты.

Мемлекеттер басшылары Қазақстан мен Америка қарым-қатынасыныӊ жағдайын және оныӊ даму перспективаларын талқылады. Бұл ретте тараптар екіжақты сауда-экономика саласындағы өзара іс-қимылды нығайту туралы уағдаласты.

Президенттер өӊірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанда биылғы 29 тамызда жұмысын бастаған Төмен байытылған уран банкініӊ жаһандық қауіпсіздікті нығайтудағы маӊыздылығына назар аударды.

Екі ел көшбасшылары Америка-Ресей қарым-қатынастарыныӊ жағдайына жеке тоқталды. Қазақстан Президенті Вашингтон мен Мәскеу арасындағы диалогтыӊ жақсаратынына сенім білдірді.

Дональд Трамп Нұрсұлтан Назарбаевты Вашингтонға ресми сапармен келуге шақырды.

Мемлекеттер басшылары әӊгіме соӊында екі жақтыӊ да мүдделі болатын мәселелері жөніндегі тұрақты диалогты қолдауға ниетті екендіктерін білдірді.

Телефон арқылы сөйлесуге АҚШ жағы бастамашы болды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны