15.05.2017, 14:02 4443

Дүниежүзі қазақтарыныӊ V құрылтайы биыл астанада 22-25 маусым аралығында өтеді

Үкімет үйінде өткен аптада ҚР Премьер-Министрініӊ бірінші орынбасары Асқар Маминніӊ төрағалығымен Дүниежүзі қазақтарыныӊ V құрылтайын өткізуге дайындық бойынша Ұйымдастыру комитетініӊ бірінші отырысы өтті.

Астана. 15 мамыр. Kazakhstan Today - Үкімет үйінде өткен аптада ҚР Премьер-Министрініӊ бірінші орынбасары Асқар Маминніӊ төрағалығымен Дүниежүзі қазақтарыныӊ V құрылтайын өткізуге дайындық бойынша Ұйымдастыру комитетініӊ бірінші отырысы өтті.

А. Мамин 1992 жылдан бері бес жылда бір рет Құрылтай өткізілетіндігін айтты. Биыл бесінші Құрылтай 22-25 маусым аралығында Астанада өтеді. Шараныӊ салтанатты ашылуы 23 маусым күні Назарбаев Университетінде болады.

Отырыс барысында ҚР мәдениет және спорт вице-министрі А. Райымқұлованыӊ, Дүниежүзі қазақтарыныӊ қауымдастығы төрағасыныӊ бірінші орынбасары Т. Мамашевтіӊ баяндамасы тыӊдалды.

А. Райымқұлованыӊ айтуынша, бесінші Құрылтайға әлемніӊ 38 елінен қазақ диаспорасыныӊ 350 шетелдік өкілі, 370 қазақстандық зиялы қауым мен Дүниежүзі қазақтарыныӊ қауымдастығыныӊ өкілдері қатысады.

Құрылтай аясында "Халифа Алтай және тарихтыӊ оралуы" халықаралық конференциясы өтеді, делегаттар үшін астананыӊ көрікті жерлеріне, ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне, "Этно-ауыл" кешеніне саяхаттар ұйымдастырылады. Бірқатар министрліктерде дөӊгелек үстелдер мен семинарлар өткізіледі.

Отырыс қорытындысы бойынша ҚР Премьер-Министрініӊ бірінші орынбасары Астана және Алматы қалаларыныӊ әкімдігі мен мемлекеттік органдарға бірқатар нақты тапсырмалар берді.

А. Мамин Құрылтайды жоғары деӊгейде өткізу керектігін атап өтті.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны