22.09.2017, 18:39 6172

Дүниежүзілік туристік ұйымы Алматы турисініӊ бейнесіне зерттеу жургізуде

Серіктестік аясында ДТҰ Алматы қаласына келетін туристіӊ бейнесін толықтай зерттеп, Алматыдағы туризм дамуына және сараптама жүйесіне негіз қалап береді. Сонымен қатар, ДТҰ жаӊа жұмыс орындарыныӊ пайда болу мүмкіндіктерін, Алматы қаласыныӊ туризм саласындағы табысыныӊ өсуін бағалайды.

Алматы. 22 қыркүйек. Kazakhstan Today - Бүгін Алматыда Дүниежүзілік туристік ұйым (БҰДТҰ) мен Туристік ақпараттық орталық (Visit Almaty) арасындағы жартыжылдық келісім-шарт аясында Алматы кластеріндегі Ұлы жібек жолы туристініӊ бейнесін зерттеу бағдарламасыныӊ басталуына қатысты баспасөз-мәслихаты өтті.

Баспасөз-мәслихатында Алматы қаласы туризм және сыртқы байланыстар басқармасыныӊ басшысы Ерлан Жайлаубай, Visit Almaty бастығы Асель Нуркебаева және Дүниежүзілік Туристік Ұйымныӊ (БҰДТҰ) Жібек жолы бағдарламасыныӊ сарапшысы Николаус Голфинопулос (Nikolaos Gkolfinopoulos) қатысты.

Іс-шара барысында баспасөз-мәслихатына қатысушылар БАҚ өкілдеріне жоба туралы, оныӊ мақсаттары мен міндеттері туралы толықтай айтты.

Асель Нуркебаева, Алматы қаласы Туристік ақпараттық орталығыныӊ (Visit Almaty) басшысы: "Бұл зерттеу Алматы қаласы әкімдігініӊ тапсырысы бойынша ДТҰ-мен бірге жүргізілуде және аймақтағы туризмніӊ дамуында, Қазақстандағы туризм индустриясыныӊ үлкен мүмкіндіктерін ашуда өте зор маӊызы бар. Зерттеу нәтижелерінде Алматы қаласына келген туристіӊ қалыпты бейнесін, қаламыздыӊ туристік ерекешеліктерін, үлкен туристік ағымды қабылдай алатын мүмкіндігін, шетелдік қонақтар тарапынан қанағаттану деӊгейін, сонымен қатар Алматы қаласын Ұлы Жібек Жолыныӊ танымал бренді ретінде қалай пайдалануға болатынын білетін боламыз. Аталған жоба Қазақстанда алғаш рет жүргізіліп отыр, сондықтан біз Дүниежүзілік Туристік Ұйымға алғысымыз зор...".

Серіктестік аясында ДТҰ Алматы қаласына келетін туристіӊ бейнесін толықтай зерттеп, Алматыдағы туризм дамуына және сараптама жүйесіне негіз қалап береді. Сонымен қатар, ДТҰ жаӊа жұмыс орындарыныӊ пайда болу мүмкіндіктерін, Алматы қаласыныӊ туризм саласындағы табысыныӊ өсуін бағалайды. Visit Almaty және Дүниежүзілік Туристік Ұйымныӊ біріккен зерттеу жұмыстары мегаполис әкімшілігіне Алматы қаласы және облысыныӊ туристік өнімін кіру туризмін дамыту және казақстандық туристік нарықтыӊ халықаралық нарықта бәсекеге қабілеттігін арттыру мақсатында алға жылжытып, Алматы қаласын демалыс пен туризмге қолайлы қала ретіндегі позитивті имиджін қалыптастыруға, маркетингтік стратегияларды жоспарлап, іске асыруға мүмкіндік береді.

Баспасөз мәслихатынан кейін "Ұлы Жібек Жолы туристініӊ бейнесін зерттеу және Алматы қаласыныӊ туризм индустриясын ғылыми сараптау құралдары" тақырыбында тренинг жүргізілді. Тренинг жүргізуші БҰДТҰ Жібек Жолы бағдарламасыныӊ туризм сарапшысы, Monash University (Австралия) түлегі - Николаус Голфинопулос.

Visit Almaty Туристік Ақпараттық Орталығы (ТАО) туралы

Алматы қаласыныӊ туристік ақпараттық орталығы (Visit Almaty) 2017 жылы қаланыӊ туристік мүмкіндіктерін дамыту және қазақстандық, шетелдік нарықта тартымды туристік бағыт ретінде жылжыту мақсатында құрылды. Толық ақпаратты www.visitalmaty.kz Интернет парақшасы бойынша ала аласыздар.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны