02.10.2007, 15:50 2744

Душанбеде Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы мен Шанхай ынтымақтастық ұйымының арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылады

Душанбеде Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы мен Шанхай ынтымақтастық ұйымының арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылады

Душанбе. 2-қазан. "Қазақстан Бүгін" - Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы мен Шанхай ынтымақтастық ұйымының арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға жұмада, 5-қазанда, Душанбеде өтетін Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезекті сессиясы барысында мемлекет басшылары деңгейінде қол қою жоспарланған, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы хатшылығының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, Еуразияның екі халықаралық ұйымының ынтымақтастығына бағытталған және ортақ мақсаттағы құжатқа Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының бас хатшысы Николай Бордюжа мен Шанхай ынтымақтастық ұйымының бас хатшысы Болат Нұрғалиев қол қояды.

Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына Армения, Беларусия, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей Федерациясы, Тәжікстан және Өзбекстан мүше болып табылады.

Шанхай ынтымақтастық ұйымының құрамына Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан кіреді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны