24.05.2016, 17:34 4299

Е.Ыдырысов: ШЫҰ терроризмге қарсы күресте өзініӊ салмақты сөзін айтуы тиіс

Отырыс барысында министрлер 2015 жылы Уфа қаласында мүше мемлекеттердіӊ басшылары қол жеткізген келісімдерді іске асыру жөнінде пікір алмасты. Уфа саммитінен кейін ШЫҰ-ныӊ жұмысын одан әрі жетілдіру, Ұйым шеӊберінде саясат, қауіпсіздік, экономика және гуманитарлы байланыстар салаларында нәтижелі іс-қимылдарды нығайту бойынша айтарлықтай жұмыс атқарылғаны туралы айтылды.

Астана. 24 мамыр. Kazakhstan Today - 2016 жылғы 24 мамырда Ташкентте Қазақстан Республикасыныӊ Сыртқы саясат ведомствосыныӊ басшысы Ерлан Ыдырысов Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) мүше мемлекеттердіӊ Сыртқы істер министрлерініӊ кеӊесіне қатысты, оныӊ басты міндеті 2016 жылы маусым айында Өзбекстан Республикасыныӊ астанасында өтетін ШЫҰ саммитіне дайындық болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Отырыс барысында министрлер 2015 жылы Уфа қаласында мүше мемлекеттердіӊ басшылары қол жеткізген келісімдерді іске асыру жөнінде пікір алмасты. Уфа саммитінен кейін ШЫҰ-ныӊ жұмысын одан әрі жетілдіру, Ұйым шеӊберінде саясат, қауіпсіздік, экономика және гуманитарлы байланыстар салаларында нәтижелі іс-қимылдарды нығайту бойынша айтарлықтай жұмыс атқарылғаны туралы айтылды.

Тараптар Ұйымныӊ қазіргі жағдайын және қызметініӊ әртүрлі бағыттардағы іс-қимылыныӊ даму болашағын, халықаралық және өӊірлік істерде оныӊ рөлі мен орнын талқылады.

Е. Ыдырысов өз сөзінде қазіргі жағдайларда қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету ШЫҰ кеӊістігіндегі мемлекеттердіӊ абзал міндеттерініӊ бірі болып табылатынын атап өтті. "Дәстүрлі қауіп-қатерлерді алдын алудан басқа, әлемніӊ жаӊа зұлымы - терроризм алға шығуда. Осы жаһанды қауіп-қатермен қарсы күресте ШЫҰ өзініӊ салмақты сөзін айтуы тиіс деп есептейміз", - деп жариялады министр. Осы орайда, ол Қазақстан Республикасыныӊ Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ халықаралық қатынастарда сенімді қалпына келтіруге бағытталған бірқатар негізгі бастамаларын, соныӊ ішінде "Илем. XXI ғасыр" манифесі бастамасын атап өтті.

Е. Ыдырысов БҰҰ-ныӊ терроризмге қарсы күрестегі аса маӊызды рөлін баса айта отырып, Қазақстан Президенті бастамашылық еткен БҰҰ терроризмге қарсы күрес туралы бүкіләлемдік конвенциясын жедел қабылдаудыӊ және БҰҰ қолдауымен Жаһандық терроризмге қарсы коалициясын (желі) жедел құрудыӊ маӊыздылығына назар аударды.

Сонымен қатар, Е. Ыдырысов қазіргі кезеӊде ұйым кеӊістігінде өндіру және қайта өӊдеу, транзиттік-көліктік және әлеуметтік инфрақұрылымды құру арқылы ұзақ мерзімді сауда-экономикалық ынтымақтастықты қамтамасыз ету ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердіӊ күш-жігерініӊ негізгі векторы болуы тиіс екенін атады. "ЕАЭО, "Жібек жолыныӊ экономикалық белдеуі" атты қытай бастамасы мен ШЫҰ арасында "көпір орнату" аса маӊызды болып табылады. Осы бағыттағы жұмыс ШЫҰ-ныӊ ұзақ мерзімді еуразиялық саясатты қалыптастыруға негіз болады", - деді Қазақстан Республикасыныӊ СІМ басшысы.

Сонымен қатар, сыртқы саясат ведомстволардыӊ басшылары Ауғанстандағы жағдайды және бейбітшілік пен тұрақтылықты қалпына келтіру бойынша шараларды талқылады, 2015 жылғы 12 ақпандағы Минск келісімдерін адал іске асыру негізінде Украинадағы дағдарысты, Таяу Шығыс пен Солтүстік Африкадағы жағдайды саяси жолмен ретке келтірудіӊ маӊызын растады.

Кездесудіӊ қорытындысы бойынша 2016 жылы 23-24 маусымда Өзбекстанда өтетін отырыс барысында ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердіӊ сыртқы саясат ведомстволарыныӊ басшылары кеӊесіне бекіту үшін ұсынылатын құжаттарға қатысты шешімдер, соныӊ ішінде ШЫҰ-ға 15 жыл Ташкент декларациясы, 2025 жылға дейінгі ШЫҰ даму стратегиясын іске асыру бойынша Іс-қимыл жоспары және өзге де құжаттар қабылданды.

Отырысқа Қазақстанныӊ, Қытайдыӊ, Қырғыстанныӊ, Ресейдіӊ, Тәжікстанныӊ және Өзбекстанныӊ сыртқы саясат ведомстволарыныӊ басшылары, ШЫҰ бас хатшысы және ШЫҰ Терроризмге қарсы өӊірлік құрылымыныӊ Атқарушы комитетініӊ директоры қатысты.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны