30.11.2016, 14:52 6399

Е.Шаймағамбетов Қазақстан Республикасыныӊ Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Аэроғарыш комитетініӊ төрағасы болып тағайындалды

Е.Шаймағамбетов Қазақстан Республикасыныӊ Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Аэроғарыш комитетініӊ төрағасы болып тағайындалды.

Астана. 30 қараша. Kazakhstan Today - Е.Шаймағамбетов Қазақстан Республикасыныӊ Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Аэроғарыш комитетініӊ төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды мекеменіӊ баспасөз қызметі.

Қазғарыштыӊ баспасөз қызметініӊ ақпаратына сәйкес, Еркін Мұстафаұлы Шаймағамбетов 1974 жылы 7 маусымда Қазақ КСР Қызылорда облысы Сырдария ауданыныӊ Тастүбек поселкесінде дүниеге келген.

1998 жылы "Ғарыштық ұшу аппараттары және екпіндеткіш блок" мамандығы бойынша Мәскеу мемлекеттік авиациялық институтын бітірді.

Еӊбек қызметін 1998 жылдыӊ наурызынан Ғылым министрлігі - Қазақстан Республикасыныӊ Ғылым академиясы Ұлттық аэроғарыш агенттігініӊ "Байқоӊыр" ғарыш айлағы басқармасында "Байқоӊыр" ғарыш айлағы объектілерін пайдалану шарттарын бақылау бөлімініӊ бас маманы (Байқоӊыр қаласы) лауазымынан бастады, 1998 жылдыӊ қарашасында аталған бөлімніӊ бастығы болып тағайындалды.

2005 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігініӊ Аэроғарыш комитеті "Байқоӊыр" ғарыш айлағы басқармасыныӊ бастығы болып тағайындалды.

2006 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігініӊ Аэроғарыш комитеті төрағасыныӊ орынбасары болып тағайындалды.

2007 жылдан бастап 2014 жылға дейін Қазақстан Республикасыныӊ Ұлттық ғарыш агенттігі төрағасыныӊ орынбасары лауазымында қызмет атқарды.

2014 жылдыӊ 1 қазанынан бастап Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігініӊ Аэроғарыш комитеті төрағасыныӊ орынбасары болды.

2016 жылдыӊ 7 қыркүйекте ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Аэроғарыш комитетініӊ төрағасы лауазымына тағайындалды.

Марапаттары: "Ерен еӊбегі үшін" медалі, мерейтойлық медальдар.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны