20.04.2016, 16:01 4395

Э.Суханбердиева ҚР білім және ғылым вице-министрі болып тағайындалды

Бүгін ҚР білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев ұжымға жаӊа вице-министр Эльмира Суханбердиеваны таныстырды

Астана. 20 сәуір. Kazakhstan Today - Бүгін ҚР білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев ұжымға жаӊа вице-министр Эльмира Суханбердиеваны таныстырды, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Э.Суханбердиева осыған дейін Астана қалалық білім басқармасыныӊ басшысы қызметін атқарған болатын, деп хабарлайды primeminister.kz тілшісі.

Эльмира Суханбердиева Атырау облысында 1971 жылы туған. Ил-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетініӊ тарих факультетін (1995); құқық бакалавры мамандығы бойынша Халықаралық Еӊбек академиясын (2006); Халықаралық Бизнес академиясын (МВА) тәмамдаған, іскерлік әкімшілік магистрі.

Еӊбек өтілі: тарих мұғалімі, тәрбие жұмысы жөніндегі директордыӊ орынбасары (1989-1999); Алматы облысы Іле ауданы әкімі аппаратыныӊ ұйымдастыру-кадрлық жұмысыныӊ бас маманы (2000-2002); Алматы қаласындағы №7 орта мектептіӊ директоры (2002-2007); "Қазақстан" Республикалық телерадиокорпорациясы" АҚ аппаратыныӊ жетекшісі (2007-2009); Астана қаласы № 60 мектеп-лицейініӊ директоры (2009-2014).

2014 жылдан бастап Астана қаласы Білім басқармасыныӊ басшысы қызметін атқарды.

"ҚР білім беру ісініӊ құрметті қызметкері" жоғары мәртебесіне ие болған. Астана және Алматы қалалары әкімдерініӊ алғыс хаттарымен марапатталған.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны