03.06.2014, 20:39 3033

ЕАЭО елдері тауар өндірушілерге бірдей субсидия беру туралы келісті - И.Адырбеков

ЕАЭО қатысушы мемлекеттерде 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап тауар өндірушілерді субсидиялау деңгейі бірдей болады. Бұл туралы ОКҚ өткен брифингте ҚР Парламенті Сенатының депутаты Икрам Адырбеков мәлімдеді.

Алматы. 3 маусым. Kazakhstan today. ЕАЭО қатысушы мемлекеттерде 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап тауар өндірушілерді субсидиялау деңгейі бірдей болады. Бұл туралы ОКҚ өткен брифингте ҚР Парламенті Сенатының депутаты Икрам Адырбеков мәлімдеді.

"Бүгінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін субсидиялау мәселесі айтарлықтай маңызды. Ол әр мемлекетте әр түрлі. Мәселен, Беларусь тауар өндірушілерге қолдау көрсету саласында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге тауардың құнының 18-20% құрайды. Ал, Ресейде 11-12%, Қазақстанда - 4-5%-ға тең. Яғни айырмашылық айтарлықтай", - деді Икрам Адырбеков.

Осыған орай тараптар 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап тауар өндірушілерді субсидиялау деңгейі бірдей болады деп келісті, ол 10%-дан аспауы керек. "Біріншіден бұрынғы кезең қалады, тіпті 10%-ға жеткізуге ұмтылатын боламыз",- деп ол түсіндіріп өтті.

Осы ретте ол ЕАЭО мүше мемлекеттердің нақты салалары туралы айту қиын, деп атап өтті.

"Бизнес барлық жағдай жасалған жерге барады. Ал, егер біздің мемлекет бәсекеге қабілетті және бизнес үшін тартымды болса онда барлық салалар бізде бірдей дамитын болады", - деп есептейді сенатор.

"Жалпы, өңдеу өнеркәсібіне 3,5 млрд. долл. инвестиция салынды. Өсім 88% құрап отыр. Кедендік одақты құрғанға дейін мұндай өсім, нарық және мүмкіндіктер болмаған", - деді депутат.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны