02.06.2014, 20:36 2738

ЕАЭО көптеген елдердің экономикалық қызығушылығын арттыруда - Е. Ыдырысов

"Шетелдік инвестицияны тартуға үлкен мүмкіндіктер бар. Шарт пен оның тәртіптері ашық болуға бағытталған. Қазақстан, Ресей, Беларусь ЕАЭО-дан тыс жерде де өз келісімдерін еркін жүргізе алады. Шарт одақтың кез келген мүшесінің саясатына еркіндік береді", - деді Е. Ыдырысов.

Алматы. 2 маусым. Kazakhstan today. ЕАЭО туралы шартқа қол қою алдында да экономикалық қызығушылыққа ие болды. Бұл туралы брифинг барысында сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов мәлімдеді.

"ЕАЭО туралы шартқа қол қою алдында оған Израиль, Түркия, Қытай, Үндістан сынды елдер экономикалық қызығушылық танытты. Шетелдік инвестицияны тартуға үлкен мүмкіндіктер бар. Шарт пен оның тәртіптері ашық болуға бағытталған. Қазақстан, Ресей, Беларусь ЕАЭО-дан тыс жерде де өз келісімдерін еркін жүргізе алады. Шарт одақтың кез келген мүшесінің саясатына еркіндік береді", - деді Е. Ыдырысов.

Сондай-ақ, ол Қазақстан Еуроодақпен сауда, инвестиция және экономикалық сұрақтар бойынша серіктестік жүргізуге дайын екенін атап өтті.

"Ел президенттері көптеген кездесулерде болашақта тығыз серіктестік орнату мәселесін талқылады. Біздің Үкімет ашық екенін айтқым келеді. Біз осы сұрақтармен айналысатын сарапшылар мен ресми тұлғаларға ақпаратпен бөлісуге мүмкіндік беруге ниеттіміз", - деді ол.

Оның айтуынша, ЕАЭО барлық бағытты қарастырған.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны