28.05.2014, 22:27 3003

ЕАЭО серіктестері үшін көліктік қызмет маңызды салалардың бірі - сарапшы

Транспорттық қызмет Қазақстанның Еуразиялық экономикалық одақ әріптестері үшін маңызды сала болып табылады, деп мәлімдеді "Экономикалық зерттеу институты" АҚ президенті Мақсат Мұқанов.

Алматы. 28 мамыр. Kazakhstan today. Транспорттық қызмет Қазақстанның Еуразиялық экономикалық одақ әріптестері үшін маңызды сала болып табылады, деп мәлімдеді "Экономикалық зерттеу институты" АҚ президенті Мақсат Мұқанов.

"Бүгінгі таңда Қазақстанда транспорттық қызмет саласы өте белсенді жұмыс істеуде. Бұл біздің Кедендік одақ елдерінің транспорттық инфрақұрылымына жол ашады. Осы орайда Қазақстанның транспорттық қызмет экспорты жоғары деңгейде. Бірыңғай унифицияланған тариф енгізу бұл сектордың дамуына қарқын бермек", - дейді М.Мұқанов.

Оның айтуынша, елдің транспорттық әлеуетін ескере отырып Қазақстанның Еуропа мен Азия арасындағы трансқұрлықтық рөлге ие болатынын айтуға болады. Транспорттық қызмет саланың басты бағыттарының бірі. Сонымен қатар, құрылыс секторын дамыту бойынша мақсатты жұмыстар жүргізілуде.

"Қазақстан қаржы секторы қызметін де экспорттай алады. Қаржы саласындағы интеграция деңгейі айтарлықтай жоғары. Сарапшылардың пікірінше, РҚР-дағы 1000 банктің 19-ында ғана КО елдерінде бөлімшесі бар. Сақтандыру нарығында да өзара байланыстың өсу қарқыны байқалады. Соңғы кездері Қазақстан туристік қызмет саласында белсенді жұмыс істеуде. Өзара турист ағымы саланың дамуына серпін бермек", - дейді ол.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны