10.07.2014, 19:26 2920

ЕАЭО серіктестерінің арасындағы ынтымақтастық аймақтық деңгейде дамуда

Павлодарда "Қазақстан және Беларусь кәсіпкерлерінің іскерлік байланысы күні" аясында Беларусь Республикасының өндірушілерімен сауда-экономикалық миссия басталды.

Алматы. 10 шілде. Kazakhstan today. Павлодарда "Қазақстан және Беларусь кәсіпкерлерінің іскерлік байланысы күні" аясында Беларусь Республикасының өндірушілерімен сауда-экономикалық миссия басталды. Шараны Кәсіпкерлер палатасы мен Беларусь сауда-өндіріс палатасының Минск қаласындағы бөлімшесі бірлесіп ұйымдастырды, деп palata.kz жазады.

Қазақстан мен Беларусьтің экономикалық ынтымақтастығы аймақтық деңгейде дамуда. Павлодар облысының Беларусь Республикасымен тауар айналымы соңғы 3 жылда 10 миллионнан 30 млн долларға дейін артты.

Форумда сөз сөйлеген Павлодар облысының КП директорының міндетін атқарушы Гомар Қажкенов аталмыш шара екі ел арасындағы сауда-экономикалық байланысына тың серпіліс береді, деп сенім білдірді.

Айта кетерлік жайт, өткен жылы екі ел арасындағы тауар айналымы 1 млрд. доллардан асқан.

"Қуаныштысы сол, біз дәл осы аймақпен бірлесіп екі ел арасындағы байланысты өңірлік деңгейде дамытудамыз. Біздің кәсіпорындарымыз Қазақстан нарығына белсенді шыға бастады. Менің ойымша ЕАЭО аясында жасалған келісемін бұл байланыстарды бұдандан жоғары деңгейге көтереді және біздің байланысымыз екі елдік кәсіпкерлеріне де бірдей тиімді болады", - деп Беларусь сауда-өндіріс палатасының Минсктегі бөлімшесінің өкілі Елена Азарова атап өтті.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны