26.05.2014, 21:07 2759

ЕАЭО туралы келісімге қол қойылуы жылдың басты оқиғасына айналмақ - В.Путин

"Келісім 2015 жылдың 1 қаңтарында күшіне енуі керек. Жалпы халқы 170 млн адамды құрайтын үш елге ортақ экономикалық нарық құрылып, капитал, тауар, жұмыс күші мен қызмет еркін алмасатын боламыз. Кәсіпкерлік үшін мүмкіндіктер айтарлықтай кеңейіп, бірлескен инвестициялық және коператпвтік жобаларды іске асыруға, макроэкономикалық саясат келісімдерін жүргізуге, сыртқы нарықты үйлестіруге мүмкіндіктер ашылады", - дейді В.Путин.

Алматы. 26 мамыр. Kazakhstan today. Кедендік одақ пен Біріңғай экономикалық кеңістік елдері үшін 29 мамыр күні Астанада өтетін Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы келісімге қол қойылуы жылдың басты оқиғасына айналмақ. Бұл туралы Ресей Президенті Владимир Путин XVIII Петербург халықаралық экономикалық форумының жалпы отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды Беларусь телеграф агенттігі ақпарат агенттігі.

"Келісім 2015 жылдың 1 қаңтарында күшіне енуі керек. Жалпы халқы 170 млн адамды құрайтын үш елге ортақ экономикалық нарық құрылып, капитал, тауар, жұмыс күші мен қызмет еркін алмасатын боламыз. Кәсіпкерлік үшін мүмкіндіктер айтарлықтай кеңейіп, бірлескен инвестициялық және коператпвтік жобаларды іске асыруға, макроэкономикалық саясат келісімдерін жүргізуге, сыртқы нарықты үйлестіруге мүмкіндіктер ашылады", - дейді В.Путин.

Владимир Путин алдағы құрылатын Еуразиялық экономикалық одақ пен Еуропалық одақ қатынасын дамыту жайын да тілге тиек етті.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны