16.05.2014, 20:50 3146

ЕЭК қазақстандық дипломның дәрежесін тексереді - Т.Доскенов

"Дипломды мойындауға кедергі келтіретін себептерді жою үшін автоматты, құрығанда жартылай автоматты тәртіппен өткенін қалар едік. Біздің әрбіреуіміз қалаған жерімізде жұмыс істеп, еңбек нарығының кеңеюіне жол ашу керек", - дейді Талғат Доскенов.

Алматы. 16 мамыр. Kazakhstan today. ЕЭК ЕАЭО аумағындағы қазақстандық дипломның дәрежесін қарайды. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы президиум мүшесі Талғат Доскенов мәлімдеді.

"Бұл мәселе Астанадағы Бірыңғай экономикалық комиссия комитеті мен департаменті отырысы аясында қаралатын болады. Ол 20 мамыр күні ЕАЭО құру туралы Келісім шартқа үш елдің президенттерінің қол қоюынан бұрын болмақ", - деді ол.

Оның айтуынша, дипломды пайдалану мәселесі күн тәртібінде тұр.

"Дипломды мойындауға кедергі келтіретін себептерді жою үшін автоматты, құрығанда жартылай автоматты тәртіппен өткенін қалар едік. Біздің әрбіреуіміз қалаған жерімізде жұмыс істеп, еңбек нарығының кеңеюіне жол ашу керек", - дейді Талғат Доскенов.

Сонымен қатар, ол білім беру саласынан бөлек еңбек нарығы, зияткерлік меншік пен өзге де мәселелер талқыланатынын атап өтті.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны