30.06.2014, 22:26 6155

ЕЭК кедендік баж салығын 4,8 мың тауар түріне дейін төмендетуді мақұлдады

1068 тауар түрі үшін ДСҰ алдындағы ресейлік міндеттемелерге сай соңғы төмендету болып қалмақ. Алдын ала есептеулер бойынша тариф төмендетулі деңгейі 7,8 пайыздан 7,1 пайызға дейін төмендеген. Кедендік баж салығының жаңа көлемі 2014 жылдың 1 қыркүйегінен бастап күшіне енбек.

Алматы. 30 маусым. Kazakhstan today. Еуразиялық экономикалық комиссия Ресейдің ДСҰ-ға енуі үшін міндеттемелерін орындау мақсатында Кедендік одақтағы кіргізілетін кедендік баж салығының құнын кезекті рет төмендетуді мақұлдады, деп хабарлайды Беларусь телеграф агенттігі.

ЕЭК сауда бойынша алқа мүшесі (министрі) Андрей Слепановтың мәліметінше, бұл жолы төмендетулер шамамен 4,8 мың тауар түріне қатысты болмақ. Алайда олардың көпшілігі айтарлықтай деңгейде төмендетілмейді. Шамамен 1-3 пайыз көлемінде.

Сонымен қатар, 1068 тауар түрі үшін ДСҰ алдындағы ресейлік міндеттемелерге сай соңғы төмендету болып қалмақ. Алдын ала есептеулер бойынша тариф төмендетулі деңгейі 7,8 пайыздан 7,1 пайызға дейін төмендеген.

Кедендік баж салығының жаңа көлемі 2014 жылдың 1 қыркүйегінен бастап күшіне енбек.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны