15.04.2014, 20:21 3076

ЕЭК-те КО мен БЭК елдерінің монополияға қарсы ведомстволарының басшылары кездесті

Мәскеуде Еуразиялық экономикалық комиссияның Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу алқа мүшесі жетекшісі (министрі) Нұрлан Алдабргеновтың төрағалығымен "үш қосу бір" форматындағы Бірыңғай экономикалық кеңістік елдерінің монополияа қарсы ведомстволары басшыларының кездесуі өтті.

Алматы. 15 сәуір. Kazakhstan today. Мәскеуде Еуразиялық экономикалық комиссияның Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу алқа мүшесі жетекшісі (министрі) Нұрлан Алдабргеновтың төрағалығымен "үш қосу бір" форматындағы Бірыңғай экономикалық кеңістік елдерінің монополияа қарсы ведомстволары басшыларының кездесуі өтті.

Қазақстандық тараптан ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігінің төрағасы Ғалым Оразбақов қатысты. Ал Ресейден Федералды монополияға қарсы қызмет жетекшісі Игорь Артемьев қатысты, деп хабарлайды ЕЭК баспасөз қызметі.

Кездесуде трансшекаралық нарықтың қазіргі жағдайы мен оның сараптама әдістемелеріне қатысты мәселелер талқыланып, алдағы жыдың жоспарлары таныстырылды.

ЕЭК Бәсекелестік саясат пен мемлекеттік сатып алу саласындағы саясат департаменті директорының орынбасары Борис Парсегов шараға қатысушыларға ЕЭК жанынан құрылған бәсекелестік бойынша әдістемелік кеңестің жұмысымен таныстырды. Б.Парсеговтың айтуынша, әдістемелік кеңес қызметі тауар нарығын сараптау ойынша әдістемелік жұмыстарды жетілдіруге, соның ішінде трансшекаралық тауарларға, тауарлы нарықты әдістемелік зерттеуді жетілдіру бойынша ұсыныстар дайындау мен олардың қолда бар тәжірибе мен әлемдік үздік тәжірибе негізінде жақындастырылуға бағытталған.

ЕЭК Монополияға қарсы реттеу директорының орынбасары Алмат Фазыл электроэнергетика, әуе және темір жол тасымалы саласындағы трансшекаралық нарықтағы қазіргі жағдаймен таныстырды.

Сонымен қатар, шараға қатысушылар Бірыңғай экономикалық кеңістікте халықаралық ұялы байлаеныс (роуминг) қызметіне тарифті нөлге апару мәселесін қарастырды.

Бұдан бөлек "параллельді импорт" мәселесі көтеріліп, оның заңдастырылуы ресми дилерлер мен тәуелсіз тасымалдаушылар арасында бәсекелестікті дамытатыны айтылды. Бұл өз кезегінде импортталатын брендті тауарлардың бағасын түсірмек.

Кездесу қорытындысы бойынша трансшекаралық тауарлы нарықтарда бәсекелестік жағдайындағы "параллельді импортты" заңдастыру мен тыйым салу сараптамасы бойынша, халықаралық ұялы байланыстың, электроэнергетика, әуе жән темір жол тасымалы, фосфат шикізатының трансшекаралық нарықтарда бәсекелестік жағдайын зерттеу бойынша біріккен жұмыс тобын құру туралы шешім қабылданды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны