28.09.2012, 14:13 3030

"Еgov.kz" порталында миллионнан асатам адам электронды цифрлық қолтаңба алды

"Еgov.kz" порталының соңғы статистикалық мәліметтері қазақстандықтардың өз уақыттарын үнемдеуді және мемлекеттік қызметтерді электрондық үкімет порталынан интернет арқылы алуды қалайтындарын дәлелдейді.

Астана. 28-қыркүйек. Kazakhstan Today - "Еgov.kz" порталында миллионнан асатам адам электронды цифрлық қолтаңба алды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Еgov.kz" порталының соңғы статистикалық мәліметтері қазақстандықтардың өз уақыттарын үнемдеуді және мемлекеттік қызметтерді электрондық үкімет порталынан интернет арқылы алуды қалайтындарын дәлелдейді.

Бұл туралы ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметінен хабарланды.

Балаларын балабақша кезегіне Еgov.kz порталы арқылы тіркеуге қойған ата-аналардың саны ағымдағы жылдың сегіз айы ішінде 122 есеге өсіп отыр. Егер қаңтар айында аталған электрондық қызметті 8 сәбидің ата-анасы пайдаланған болса, ал бүгінгі күні - 1000 ата-ана электрондық қызметтің артықшылығын бағалап үлгерді.

Некелерін тіркетуге өтінішті электрондық үкіметтің порталы арқылы берген қазақстандықтардың да саны арта түсті. Егер жылдың басында өтініш берген жұптардың саны 160-ты құраған болса, 8 айдың қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш 2500 жұпты құрап отыр.

Идеттегідей, мекенжай анықтамасы е-құжаттардың ішінде үлкен сұранысқа ие болып отыр. Өткен сегіз айдың ішінде 200 000 астам қазақстандық аталған анықтаманы электрондық нұсқада алған. Мұнымен қатар, жылжымайтын мүліктің бар-жоғы туралы анықтама мен зейнетақы аударымдары туралы мәлімет те үлкен сұранысқа ие деуге болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны