03.07.2012, 11:48 3581

Екібастұз ГРЭС-1 станциясында энергоблок іске қосылды

Павлодар облысына іске асырылған Екібастұз ГРЭС-1 стансасын қайта жаңарту жобасы еліміздегі энергия қуатына деген жетіспеушілікті шешуге бағытталып отыр.

Астана. 3-шілде. Kazakhstan Today - Бүгін Екібастұз ГРЭС-1 стансасында қайта қалпына келтірілген №8 энергоблок іске қосылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Павлодар облысына іске асырылған Екібастұз ГРЭС-1 стансасын қайта жаңарту жобасы еліміздегі энергия қуатына деген жетіспеушілікті шешуге бағытталып отыр.

"Біз бүгін Екібастұз ГРЭС-1 стансасындағы қайта жаңартылған қуаты 500 МВт №8 энергоблокты іске қосқалы отырмыз. Стансаның қуаты 3 мың Мвт дейін ұлғаяды. Индустрияландыру бағдарламасының арқасында энергоблокқа жаңа жабдықтар орнатылып отыр", - деді "Самұрық-Энерго" АҚ -ның басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиев бүгінгі телекөпірде сөйлеген сөзінде.

Орнатылған заманауи электр-сүзгіштері зиянды түтіннің 99,6 пайызын ұстап қалуға, соның арқасында қоршаған ортаға келетін зиянды барынша азайтуға мүмкіндік береді. Жобаны іске асыруға барлығы 500 адам атсалысты.

Телекөпір барысында Елбасы Н.Назарбаев жаңартылған №8 энергоблокты іске қосуға рұқсат берді.

Шығыс Қазақстан мен Павлодар облысы - түсті металлургия өндіру, ядролық технологияларды зерттеу және энергетика өндіру орталығы. Аталған өңірлердегі өнеркәсіптік өндірістің көрсеткіштері жалпыреспубликалық көрсеткіштен әлдеқайда жоғары. Шығыс Қазақстан облысында - 123,9 %, ал Павлодарда - 103,4%. Шығыс Қазақстан облысында өнеркәсіптік өндірістің көлемі- 313 млрд. 425 млн. теңгені, Павлодарда - 273 млрд. 399 млн.теңгені құрап отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны