12.07.2007, 12:51 2579

Екібастұзда православиелік шіркеудегі ұрлығы үшін осы ғибадатхананың бұрынғы қызметкері 6 жылға сотталды

ПАВЛОДАР. 12-шілде. Kazakhstan Today. Екібастұзда православиелік Серафим Саровский шіркеуіндегі ұрлығы үшін осы ғибадатхананың бұрынғы қызметкері 6 жылға сотталды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне Павлодар облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінің жетекшісі Жанна Біләлова хабарлады.

Тәртіп сақшыларының хабарлауынша, жуырда Екібастұз қалалық соты шіркеудің бұрынғы қызметкерін ҚР Қылмыстық кодексінің 175 бабында қарастырылған "ұрлық" қылмысына қатысы бар деп тауып, оны 6 жылға бос бостандығынан айыруға және мүлкін тәркілеп, жалпы тәртіпті түрмеге жіберуге кесті.

Тәртіп сақшыларының ақпаратына сәйкес, 2006-жылдың ақпанның 1-ші жұлдызынан 2-сіне қараған түні белгісіз біреу Серафим Саровский шіркеуінің кассасынан 500 мыңдай теңге мен 1,5 млн теңгенің күміс бұйымдарын тонап кеткен.

Тәртіп сақшылары бір жылдан кейін ғана ұрының ізіне түсті. Ол ұрлықтан кейін дереу қаладан қашып кеткен. Екібастұз қалалық құқық қорғау органдары оған іздеу жариялады. Сөйтіп бір жылдан кейін ол Астанада қолға түсті.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны