11.01.2016, 12:09 3641

ЕҚЫҰ-ныӊ Астанадағы Офисініӊ басшысы Илемдік дағдарысқа қарсы күрестіӊ Астаналық тұжырымдамасыныӊ рөлін жоғары бағалады

Бүгін ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Ибдіқалықова дипломатиялық миссиясыныӊ аяқталуына орай Еуропдағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымныӊ (ЕҚЫҰ) Астана қаласындағы бағдарламалар Офисініӊ басшысы Наталия Заруднамен кездесті

Астана. 11 қаӊтар. Kazakhstan Today - Бүгін ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Ибдіқалықова дипломатиялық миссиясыныӊ аяқталуына орай Еуропдағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымныӊ (ЕҚЫҰ) Астана қаласындағы бағдарламалар Офисініӊ басшысы Наталия Заруднамен кездесті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Біз 4 жыл ішінде Қазақстан мен ЕҚЫҰ арасындағы ынтымақтастықты нығайту бойынша үлкен жұмыс атқардық. Біздіӊ қарым-қатынасымыз бұрынғыдан да жоғары деӊгейге көтерілді. Біріккен жобаларымыз көп болды. Мәселен, өткен жылы түрлі бағыттағы 62 жоба жүзеге асты. Олардыӊ қатарында көші-қон, экономика, адами өлшемдер, гендерлік саясат, аймақтық даму сияқты бағыттар бар. Өӊірлерде ауыл әйелдерімен бірнеше семинар мен дөӊгелек үстел өткіздік. Және экология мен жасыл экономика салаларын қамтыдық. Ассамблея да жақсы жұмыс атқарды. Былтыр Ассамблеяныӊ 20 жылдығы аталып өтті. ЕҚЫҰ-ныӊ арқасында осы сияқты көптеген бағыттағы Қазақстан тәжірибесі ЕҚЫҰ деӊгейінде басқа елдерге таралды. Сондықтан, мен осындай белсенді жұмыс үшін алғыс білдіремін", - деді мемлекеттік хатшы, деп хабарлайды strategy2050.kz тілшісі.

Сондай-ақ, Гүлшара Ибдіқалықова кездесу барысында Қазақстанныӊ Ұйымдағы 2010 жылдағы төрағалығын, ЕҚҰЫ-ныӊ Астана қаласында өткен соӊғы саммиті мен Астана декларациясыныӊ қабылдануын атап өтті. Және де ҚР Мемлекеттік хатшысы Наталия Заруднаны Жаӊа жылмен және Рождество мерекесімен құттықтап, басқа қызметіне сәттілік тіледі.

Тараптар Қазақстанныӊ ЕҚЫҰ бағытындағы ынтымақтастықтыӊ қазіргі ахуалына және болашақ перспективаларына қатысты кеӊ ауқымды мәселелерді талқылап, өӊірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.

Атап өтсек, ЕҚЫҰ-ныӊ Астана қаласындағы бағдарламалар офисініӊ ұйымдастыруымен Ұйым хатшылығыныӊ және ЕҚЫҰ құрылымдық бөлімшелері басшылығыныӊ Қазақстанға бірнеше сапары, елімізде және шетелде көптеген саланы қамтыған түрлі форматтағы және деӊгейдегі бірқатар іс-шара өткізілді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны