21.09.2009, 18:02 3014

Экономиканы жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның кезекті отырысы өтті

Экономиканы жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның кезекті отырысы өтті

Астана. 21 қыркүйек. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасының премьер-министрі Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен экономиканы жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның (ЭЖМК) кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аймақтардың тікелей қосылуымен бейне - конференция түрінде өткен ЭЖМК отырысына мемлекеттік органдардың басшылары, ҚР парламенті мәжілісінің депутаттары, "Самұрық - Қазына" ұлттық әл - ауқат қоры" АҚ, ұлттық компаниялардың, даму институттарының басшылары, сондай - ақ, қоғамдық бірлестіктер мен бизнес - қоғамдастық өкілдері қатысты.

Кеңеске қатысушылар Қазақстанның ағымдағы экономикалық дамуының көрсеткіштері мен экономиканың түрлі салаларында іскерлік белсенділікті ынталандыруға қатысты шараларды талқылады.

К.Мәсімов тиісті мемлекеттік органдар мен "Самұрық - Қазына" ҰИҚ" АҚ басшылығына бизнес өкілдерінің ұсыныстарын бір апта мерзім ішінде пысықтауды тапсырды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны