05.10.2009, 18:57 3127

Экономиканы жаңғырту жөніндегі мемлекеттік комиссияның кезекті отырысы өтті

Экономиканы жаңғырту жөніндегі мемлекеттік комиссияның кезекті отырысы өтті

Астана. 5 қазан. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасының премьер-министрі Кәрім Мәсімовтің төрағалық етуімен экономиканы жаңғырту жөніндегі мемлекеттік комиссияның (ЭЖМК) кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Отырысқа қатысушылар өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарының іскерлік белсенділігін ынталандыруға қатысты шараларды талқылады.

Атап айтқанда, өңдеу секторы субъектілерін қолдаудың негізгі бағыттары туралы мемлекеттік органдардың және облыстар әкімдіктерінің "Самұрық - Қазына" ҰИҚ" АҚ - мен келісілген ұсыныстар және Құнсызданған активтер қоры қаражатын пайдалану арқылы жылжымайтын мүлік нарығындағы проблемаларды шешу жайы қаралды.

Премьер - министр айтылған ұсыныстарды пысықтау үшін бірқатар тапсырмалар берді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны