14.09.2016, 12:54 3623

ЭКСПО-2017 көрмесіне дайындық аясында құрылыс жұмыстары 85%-ға орындалды

"Ағымдағы күні құрылыс жұмысыныӊ 85 пайызы орындалды. Құрылыс жұмысына 13 700 адам және 560 бірлік техника жұмылдырылды",-деді А.Есімов.

Астана. 14 қыркүйек. Kazakhstan Today - ЭКСПО-2017 Дүниежүзілік көрмесіне дайындық аясында құрылыс жұмыстарыныӊ 85 пайызы орындалды. Бұл туралы "Болашақ энергиясы" атты форумда "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компанияныӊ басқарма төрағасы Ахметжан Есімов мәлімдеді.

"Бүгінгі күні халықаралық қоғамдастық тарапынан 103 ел мен 17 халықаралық ұйым өздерініӊ қатысатындықтарын растады. Құрылыс жұмыстарына келетін болсақ, ол кестеге сәйкес орындалуда. Ағымдағы күні құрылыс жұмысыныӊ 85 пайызы орындалды. Құрылыс жұмысына 13 700 адам және 560 бірлік техника жұмылдырылды",-деді А.Есімов.

Оныӊ айтуы бойынша, бүгінгі күні халықаралық алға жылжыту бойынша жұмыстар жасалуда.

"Аудиторияны жалпы қамту 220 миллионға жетті. Біз жылдыӊ соӊына дейін бұл сан 500 млн-ға дейін жетеді деп жоспарлаудамыз",-деді ұлттық компания басшысы.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны