17.07.2014, 20:43 2266

ЭКСПО-2017 көрмесіне дайындық аясында туризм индустриясы қызметкерлеріне арналған тренинг ұйымдастырылды

Астанадағы "ЭКСПО-2017" халықаралық көрмесі қарсаңында ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Туризм индустриясы комитеті Қазақстандық қонақ үйлер және мейрамханалар қауымдастығымен бірлесіп туризм индустриясы қызметкерлеріне тренинг өткізуде.

Алматы. 17 шілде. Kazakhstan today. Астанадағы "ЭКСПО-2017" халықаралық көрмесі қарсаңында ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Туризм индустриясы комитеті Қазақстандық қонақ үйлер және мейрамханалар қауымдастығымен бірлесіп туризм индустриясы қызметкерлеріне тренинг өткізуде.

Шара Түркі Кеңесі аясында ұйымдастырылуда, - деп хабарлайды туризм индустриясы комитеті.

Оқыту шараларын Түркия Республикасы Туризм мәдениеті министрлігі өкілдері мойындарына алған. Оқыту төмендегі тақырыптар бойынша жүргізіледі: фронт-офис операциясын автоматтандыру, қонақ үйдегі клинингтік операция тиімділігін арттыру, тамақ өнімдерін өндіруді оңтайландыру, тамақ пен сусын беруді ұйымдастыру, тренерлер ретінде әкімшілік қызметкерлерін оқыту, менеджердің жеке өнімділігін арттыру.

Тренинг қатысушылары ретінде Туризм индустриясы комитеті қызметкерлері тіркелді. Курсы аяқтағаннан кейін қатысушыларға халықаралық деңгейдегі сертификаттар беріледі.

Естеріңізге сала кетейік, Түркі Кеңесі түркі тілдес мемлекеттердің басын қосатын халықаралық ұйым болып табылады. Бүгінге дейін ұйым қатарына Қазақстан, Изірбайжан, Қырғызстан мен Түркия кірген.

Қазақстан бағдарламаның "Түркі Кеңесі": Заманауи Жібек жолы" біріңғай туристік өнімін құру бойынша үйлестіруші болып табылады. Жоспар бойынша, этномәдени және экологиялық туризмді дамытуға бағытталған Ұлы Жібек жолы бойынан бірлескен туристік бағыт бекітіліп, "Түркі Кеңесіні заманауи Жібек жолының туристік жол картасы" дайындалады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны